Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Андрей Голубев Рим мастерс турнирінің жартылай финалына шықты

2022 жылдың 13 мамыр 2022 18:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның жұптық сында бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Андрей Голубев Рим мастерс турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші аргентиналық Максимо Гонсалеспен бірге ширек финалда уругвайлық Ариэль Бехар – эквадорлық Гонсало Эскобармен күш сынасты.

Бірінші партияда қос брейкке қол жеткізген қазақстандық-аргентиналық жұп айқын басымдылық танытты – 6:2.

Екінші сет әлдеқайда тартысты өрбіп, матч тағдыры тай-брейкте шешілді – 7:6 (12:10).

Бір сағат 45 минутқа созылған бәсеке барысында А.Голубев пен М.Гонсалес эйс жасамағанымен, 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.

А.Голубев пен М.Гонсалестің жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев ресейлік Александр Шевченкомен бірге Шымкент челленджер турнирінің финалына шыға алмады. Бұл жұп жартылай финалда тартысты матчта швейцариялық Антуан Белье – бразилиялық Габриэль Декампқа есе жіберді – 5:7, 7:6 (7:5), 6:10.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Рим турнирінің ширек финалына шыға алмағанын, Юлия Путинцеваның әлемнің жетінші ракеткасына жол бергенін жазған болатынбыз.

Есесіне Андрей Голубев Рим мастерс турнирінің ширек финалына шықты.

Дэвис кубогында Қазақстан теннисшілерінің қай күндері ойнайтыны анықталды.






Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Теннис, Спорт,
Жоғары қарай