Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ангелина Лукас кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады

2021 жылдың 18 желтоқсан 2021 23:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Елорданың Жақсылық Үшкемпіров атындағы Jekpe-jek сарайында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық боксшы қыз Ангелина Лукас осы саладағы дебюттік жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бокс кешінің негізгі кардын қазақстандық боксшы қыз Ангелина Лукас пен Украина үміті Светлана Василевская ашты.

4 раундтық жекпе-жек негізінен Ангелина Лукастың басымдығымен өтті.

Осылайша ол төрешілердің бірыңғай шешімі бойынша 40:36 есебімен жеңімпаз атанды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгінгі бокс кеші «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінен көрсетіліп жатыр.

Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леао жартылай орта салмақтағы IBO чемпиондық белбеуін сарапқа салады.

Отандасымыз бұған дейін кездесу өткізіп 16 кездесу өткізіп, оның алтауын нокаутпен аяқтаса, оның қарсыласы 15 жеңісінің төртеуін нокаутпен тәмамдап, бір жекпе-жегін сәтсіз аяқтаған.



Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Спорт, Бокс, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай