Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Англияда қарсыласына қарап әдейі жөтелген футболшы алаңнан қуылады

2020 жылдың 3 тамыз 2020 18:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Футболдан Англия чемпионатының төрешілері қарсыласының немесе матчтың ресми тұлғасына қарап әдейі жөтелген футболшыларды алаңнан қуады, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Times басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметі бойынша, Англия футбол ассоциациясы коронавирусқа байланысты шектеу енгізілген кезде матч ұйымдастырушылары мен лауазымды тұлғаларға арналған нұсқаулығы бар құжат дайындады.

Тармақтардың бірінде қарсыласқа немесе ресми тұлғаға әдейі жөтелгені үшін ойыншылар алаңнан қуылатыны жазылған. Бірақ төрешілер гол соққанына қуанған ойыншылар арасындағы әлеуметтік қашықтықтың сақталуына жауап бермейді және алаңда түкіргені үшін жазаламайды.

Футболдан Англия чемпионатының жаңа маусымы 12 қыркүйекте басталады.


Басты сөздер: Спорт, Әлем,
Жоғары қарай