Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Анталия әуежайында коронавирусты қалай тексереді

2020 жылдың 1 шілде 2020 10:16

АНТАЛИЯ. АНАДОЛЫ- ҚазАқпарат - Анталия әуежайында пандемияға қарсы іс-әрекет шаралары аясында СOVID-19 тестілеу зертханасы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 1 шілдеге қарай Түркияның барлық ірі әуежайларында коронавирус инфекциясының бар-жоғын анықтайтын тест орталықтары ашылған, қалған әуе айлақтарында мұндай нысандар 15 шілдеден бастап жұмыс істемек. Елдің мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсойдың мәліметінше, «Қауіпсіз туризм» сертификатын алуға Түркияның 727 қонақүйі мен 900 мейрамханасы өтініш жасаған.

Еске сала кетейік, 20 маусымнан бастап Қазақстаннан Түркияға, Қытайға, Оңтүстік Кореяға, Таиландқа, Грузия мен Жапонияға ұшатын халықаралық рейстер қайта ашылған болатын.

11 маусымда Түркия Иранмен құрлықтық шекараны қоспағанда, түрік және шетел азаматтарының елге кіріп-шығуына рұқсат берді.

21 маусым күні Түркияға ұзақ уақыттағы карантиннен кейін Алматы-Анталия бағытындағы алғашқы қазақстандық рейс ұшқан еді.

Белгілі болғандай, төрт жолаушыдан коронавирус анықталды. Қазір олар Анталия қалалық ауруханасында жатыр.


Жоғары қарай