Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Анталиядағы курорттардың бірінде орман өртеніп жатыр

2021 жылдың 28 шілде 2021 23:59

МАНАВГА. АНАДОЛЫ-ҚазАқпарат – Анталия провинциясындағы Манавгат курортты қаласында сәрсенбіде орман өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Ормандағы өртті сөндіруге 12 провинциядан жіберілген 19 тікұшақ, 103 өрт сөндіру машинасы, 6 бульдозер, 1 ұшақ және 412 өрт сөндіруші жұмылдырылған. Қою түтіннен 53 адам зардап шеккен. Жалынның тез таралуына қатты жел ықпал етті.

Шамамен түске таман Манавгатқа жақын орман аймағында шыққан өрт маңындағы елді мекендерге тарады. Өрт салдарынан кейбір үйлерді жалын шарпыған, жануарлар қырылды. Жағдайды бақылау үшін өңірге ауыл және орман шаруашылығы министрі Бекир Пакдемирли

келді. Өрт жайылу қаупі бар 4 ауданның тұрғындары эвакуацияланды.











Басты сөздер: Видео, Оқиға, Түркия,
Жоғары қарай