Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Антониу Гутерриш екінші мерзімге БҰҰ Бас хатшысы болып тағайындалды

2021 жылдың 18 маусым 2021 20:21

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – БҰҰ Бас Ассамблеясы жұма күнгі отырыста Антониу Гутерришті дүниежүзілік ұйымның Бас хатшысы етіп екінші мерзімге тағайындады. Тиісті шешім туралы отырыста БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші сессиясының төрағасы Волкан Бозкыр мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Мен 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін Антониу Гутерриштің БҰҰ Бас хатшысы болып екінші мерзімге тағайындалғанын жариялау құрметіне ие болдым», - деді ол. Гутерришті тағайындау туралы қарар жалпыға бірдей мақұлдауымен дауыс берусіз қабылданды.

Тағайындау туралы хабарланғаннан кейін, Бозкыр сыртта шешім күтіп тұрған Гутерришті залға шақырып, ант бергізді.

Гутерриш БҰҰ Бас хатшысы қызметіне жалғыз үміткер болды. Бұған дейін оны дүниежүзілік ұйымның Қауіпсіздік Кеңесі қолдаған. БҰҰ Бас Ассамблеясы Қауіпсіздік Кеңесінің ұсыныстарымен бір рет қана 1950 жылы келіспеген болатын.

Айта кетейік, БҰҰ Бас хатшысы бес жылдық мерзімге сайланады.


Басты сөздер: БҰҰ, Әлем, Халықаралық ұйымдар,
Жоғары қарай