Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Апталық валюта бағамы: Теңге 0,3% нығайып, Ресей рублі 0,5% әлсіреді

2022 жылдың 31 қаңтар 2022 19:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банкі 21-28 қаңтар аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық банк мәліметіне сенсек, 28 қаңтардағы сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің нарықтағы бағамы бір аптада 0,3% (435,10-дан) нығайып, бір АҚШ долларына шаққанда 433,83 теңге деңгейінде қалыптасқан.

Ал Үндістан, Түркия, Индонезия, Мексика, Оңтүстік Африка, Ресей сияқты дамушы елдердің төл валюталары доллардаың көлеңкесінде әлсіреген. Тек Бразиля реалы керісінше сәл нығайған. Бірақ әр валютаның әлсіреуіне әр түрлі себептер әсер етіп отыр.

25-26 қаңтар аралығында өткен Ашық нарықтар жөніндегі федералды комитет (FOMC) отырысының қорытындысы бойынша АҚШ базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды. Алайда, наурыз айына жоспарланған отырыста базалық мөлшерлеме көтерілуі мүмкін екені айтылды.

«Федералдық резервтік жүйе облигацияларды сатып алу тіпті тоқтататынын хабарлады. Осындай мәліметтерден кейін дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының динамикасы келесідей қалыптасты», - деп жазылған Ұлттық банктің ресми сайтында.

Бразилия реалы 1,3% нығайды (5,45-тен 5,38-ге дейін). Бұған экс-президент Луис Инасиу Лула да Силваның орталықшыл партиялармен одақтасу ықтималдығы туралы мәлімдемесіне байланысты шетелдік капиталдың ағылуы себеп болған көрінеді.

Индонезия рупийі 0,3% (14336-дан 14375-ке дейін) әлсіреді. Оған елде «омикрон» штамын жұқтыру жағдайының өршуі мен АҚШ ФРЖ мәлімдемесі себеп болған.

Ресей рублі Батыспен арасдағы геосаяси шиеленістің өсуі аясында 0,5% (77,73-тен 78,15-ке дейін) әлсіреді.

Түрік лирасы АҚШ-тың облигациялар туралы «қатаң» риторикасына байланысты 0,7% (13,45-тен 13,55-ке дейін) әлсіреді.

Үнді рупийі жаһандық шикі мұнайдың тұрақты бағасы тұрақталғанына байланысты 0,8% (74,43-тен 75,04-ке дейін) әлсіреді.

Мексика песосы инвесторлардың сақтыққа көшуі және АҚШ долларының нығаюы аясында 1,7% (20,47-ден 20,81-ге дейін) әлсіреді.

Оңтүстік Африка ранды елдегі Орталық банктің (SARB) есептік мөлшерлемені 4%-ға (0,25 б.п.) дейін көтеруіне қарамастан, АҚШ-тың базалық мөлшерлемені жақын арада көтеруге дайын екені туралы мәлімдемесінен кейін 3,3% (15,1-ден 15,6-ға дейін) әлсіреді.


Жоғары қарай