Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әр нәрсенің соңы болады - Ғабидолла Әбдірахымов шымкенттіктерге алғыс айтты

2019 жылдың 30 шілде 2019 22:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін қызметінен босатылған Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов шымкенттіктерге алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат экс-әкімнің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

«Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Қымбатты достар! Мен үшін Шымкент қаласының әкімі болып жұмыс істегенім - үлкен мәртебе және мақтаныш. Осындай мүмкіншілік берген Елбасымызға, Президентімізге алғыс айтамын. Қолдан келгенше қаланың дамуына әріптестермен бірге атсалыстым. Мен Шымкент халқына өте ризамын. Сіздер әрқашан мені қолдадыңыздар. Өзімді өте бақытты адам ретінде сезініп жүрдім. Әр нәрсенің соңы болады бұл өмірде. Жаңалықтар да болады. Жаңадан келген қала басшысына сәттілік тілеймін. Барлықтарыңызға үлкен алғыс айтып, басымды иемін. Аман болыңыздар. Шымкент жайнай берсін!», - деп жазды Ғабидолла Әбдірахымов Instagram парақшасына.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі лауазымынан босатылды. Оның орнына осы күнге дейін Отырар ауданын басқарып келген Ерлан Айтаханов тағайындалды. Ал Қырымбек Көшербаев Ғабидолла Әбдірахымовтың билік артқан сенімді ақтамағанын айтты.

Автор Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Әкім, Шымкент,
Жоғары қарай