Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Әр жылдарғы тестілер қолданылған: ҰБТ-да қандай бұзушылықтар анықталды

2020 жылдың 9 шілде 2020 14:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу өткен 161 пункте ереже бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы Республикалық арнайы мониторинг тобының жетекшісі Айгүл Соловьева ҚР Сыбайдас жемқорлыққа қарсы қызметі ұйымдастырған тікелей эфирде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«21 маусым мен 5 шілде аралығында 161 пункте ҰБТ бойынша мониторинг жүргізілді. ҰБТ өткізу ережесі бұзылған 300 факті анықталып, біздің тарапымыздан сараптама жасалды. Негізгі ереже бұзушылық ұялы телефон алып келумен байланысты. ҰБТ тапсырушы қаламаса да ата-анасының араласуымен ұялы телефон алып келген жағдайлар анықталды. Арнайы мониторинг тобы мүшүлеріне психологиялық қысым көрсетілді, олардың ішінде педагогтар тарапынан да болды», - дейді Республикалық арнайы мониторинг тобының жетекшісі Айгүл Соловьева.

Оның айтуынша, ҰБТ өткен кей жерлерде ұялы байланыс мұнаралары бұғатталмаған. Тағы бір жағдайда ҰБТ өтетін мектеп бұғаттауға келмейтін осындай мұнаралар жанынан әдейіге таңдалған.

«Сондай-ақ, ҰБТ өткізген кезде әртүрлі жылдардағы тест нұсқалары қолданылғаны анықталды. Білім және ғылым министрлігі бұл жағдайларға жедел назар аударып, олқылықтардың орнын толтырды. ҰБТ өтуіне мониторинг жасауға қатысқан 482 адам Арнайы мониторинг тобының мүшесі», - дейді ол.


Жоғары қарай