Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Арақ-шарап тиелген жекеменшік жедел жәрдем көлігі Алматыға кірмек болған

2020 жылдың 24 наурыз 2020 17:29

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыға кіреберісте арақ-шарап тиелген жекеменшік жедел жәрдем көлігі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ақпаратты Қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек растады.

«Мұндай оқиға болды. Блок бекетінде жекеменшік жедел жәрдем көлігі тоқтатылды. Көліктің салоны арақ-шарап өнімдеріне толы болған», - деді С.Әзірбек.

Оның айтуынша, блок-посттарда полиция көліктердің ішін анықтап қарағаннан кейін ғана өткізіп жатыр.


Жоғары қарай