Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Арал ауданында кәсіпкерлер саны өскен

2019 жылдың 6 ақпан 2019 02:34

ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - Өткен жылы Арал ауданы кәсіпкерлік саласының көрсеткіші бойынша республикадағы 290-ға жуық аудан ішінен 7 орынды иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаевтың айтуынша, 2018-2020 жылдары Қызылорда облысында Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы болып жарияланды. Атаулы жыл аясында Арал ауданы кәсіпкерлік саласының көрсеткіші бойынша республикадағы 290-ға жуық аудан ішінен 7-ші орынды иеленді.

«2018 жылы аудандағы шағын және орта бизнес субъектілері 4237 бірлікті құрап, 5292 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау бойынша 952,2 млн теңгенің 12 жобасы субсидияланды. Құны 126,5 млн теңгені құрайтын 7 жоба кепілдендіру арқылы іске асырылды. Гранттық қаржыландыру бағыты бойынша 18,4 млн теңгенің 23 жобасы қайтарымсыз грантқа ие болды», - деді аудан әкімі Мұхтар Оразбаев.

Аудан бойынша «Бастау Бизнес» жобасында 240 адам, «Бизнес Кеңесші» жобасы бойынша 135 адам оқытылды.

Жыл көлемінде қаржы институттары арқылы аудан кәсіпкерлеріне 1,6 млрд теңге несие берілген. Нәтижесінде ауданда тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 109,3 пайызға өскен.

Жоғары қарай