Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Арал ауданындағы Қамыстыбас ауылында мектеп өртенді

2019 жылдың 25 ақпан 2019 11:17

АРАЛ. ҚазАқпарат - Арал ауданы Қамыстыбас ауылдық округіндегі №21 мектеп отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«23 ақпан күні сағат 11 жарымға таман өрт қауіпсіздігі қызметіне Қамбаш қыстағындағы №21 мектептің өртеніп жатқаны жөнінде хабарлама түсті. Белгілі болғандай, ғимараттың үстіңгі жабындысын жалып шарпыған. Арнайы құтқару қызметінің өкілдері оқиға орнына жеткенге дейін ерікті өрт сөндірушілер мен ауыл тұрғындары тілсіз жауды ауыздықтады», - дейді ТЖК-нің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Мәліметтерге сүйенсек, зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша төтенше жағдай пешті құру кезінде өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталмауынан болуы мүмкін.

Жоғары қарай