Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Арал теңізіне тікұшақ арқылы саяхат ұйымдастыру жоспарланып отыр

2020 жылдың 12 қазан 2020 12:21

ТАШКЕНТ. ӨзА-ҚазАқпарат – Арал теңізіне ұшақ және тікұшақ арқылы саяхат ұйымдастыру жоспарлануда. Осы мақсатта Мойнақта тікұшақ қонатын жаңа алаң салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстанның ӨзА ұлттық ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Мойнақ ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, тікұшақпен Арал теңізінің акваториясына, Қызылжар ауылының аумағындағы жылыжайларға, Қазақдария ауылындағы шаруашылық кешендеріне саяхаттауға мүмкіндік бар.

Қазіргі уақытта бұл аудандарда тікұшаққа арналған ұшу және қону жолағы ашылған.

Арал теңізіне саяхат ұйымдастырумен айналысатын кәсіпкерлердің айтуынша, Арал теңізі мен Үстіртке ұшақ немесе тікұшақ арқылы саяхаттау үшін Мойнақ ауданынан ұшқан жөн.

Бұл туристердің уақытын үнемдейді әрі қосымша шығын болмайды.

Еске сала кетейік, 300 млрд сумға жаңадан салынған «Мойнақ» әуежайы жақында ашылған болатын. Оған алғаш AIRBUS A-320 әуе кемесі қонған еді.



Автор Әлихан Асқар
Басты сөздер: Туризм, Арал, Өзбекстан,
Жоғары қарай