Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Аралда «Теңіздің оралуы» атты ғылыми-танымдық фильм түсіріліп жатыр

2020 жылдың 7 қараша 2020 21:52

АРАЛ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Арал ауданында жаңа фильмнің түсірілім жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі мәлімет таратты.

«Режиссер Виктор Вильковский бастаған «Теңіздің оралуы» ғылыми-танымдық фильмінің түсірілім тобы Арал ауданында түсірілімді бастады. Арал теңізінің экологиялық апатының себебі - теңізді қоректендіретін Сырдария мен Амудария өзендерін мақта, күріш және басқа дақылдарды суаратын арналарға бұру болғаны көпшілікке белгілі. Ғылыми және мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар, халықаралық ұйымдар мен қорлар көп жылдар бойы Арал теңізінің тартылу мәселесін шешумен айналысып келеді. Режиссер дәл осы маңызды жұмысты қамтуды жоспарлап отыр» деп хабарлайды киностудиядан.







Фильм көрерменге Аралдың өткені, бүгіні мен болашағы туралы әңгімелейді және әрқайсымыздың қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартуға қосқан үлесіміз туралы ойға қалдырады.














Жоғары қарай