Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Аралдық шеберлер сауыт жасап шығарды

2019 жылдың 2 наурыз 2019 11:19

АРАЛ. ҚазАқпарат - 27 жастағы ІІ топ көз мүгедегі Шайх-Ислам Мағауияұлы өзінің ұстазы, белгілі шебер Құдайберген Құлманбетовпен бірге сауыт жасап шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салмағы 7 келі тартатын сауыт жиырма күннің ішінде тоқылған. Оған мельхиор сымнан жасалған 18 мың сақина кеткен. Сондай-ақ, олар батырдың қару-жарақтарын да түгелдей әзірлеген. Шайх-Исламның сөзінше, қазіргі таңда бұл сауыт Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі мұражайда тұр.

Жалпы, жас шебер теріден, ағаштан түрлі бұйымдар істеумен шұғылданады. Сондай-ақ, мүйізден түрлі кәдесыйлар жасайды екен. Айтуынша, Арал қаласына келген туристер ұлттық нақыштағы бұйымдарға қызығушылық танытатын көрінеді. Шайх-Ислам зергерлікті де қатар алып жүр. Сақиналар мен ат әбзелдерін жасайды.

Жоғары қарай