Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әрбір сегізінші қазақстандық волонтерлік шараға қатысқан

2020 жылдың 25 қараша 2020 17:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда бір жылда республикалық орталықтар арқылы 140 мыңнан астам волонтер еңбекке тартылды. Әрбір сегізінші қазақстандық қандай да бір волонтерлік қызмет түріне атсалысқан. Бұл туралы «Birgemiz» республикалық еріктілер фронт-кеңсесінің басшысы Татьяна Миронюк IX Азаматтық форумда айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл Волонтер жылы жарияланды және «Birgemiz» республикалық фронт-кеңсесі құрылды. Кеңсе бірыңғай алаң ретінде республика бойынша еріктілер легінің қызметін реттейді. Бұл бір ғана орталық емес, барлық өңірлерде ішкі саясат басқармалары жанынан өңірлік орталықтар құрылған (...) Өңірлік орталықтардың деректеріне сүйенсек, бір жылда республика бойынша 140 мыңнан астам волонтер тартылған. Бейресми дерек бойынша, әрбір сегізінші қазақстандық қандай да бір волонтерлік қайырымдылық шараға қатысқан», - дейді Татьяна Миронюк.

Сонымен бірге, спикер пандемия мен қатаң карантиндік шаралар кезінде республикалық кеңсе мен еріктілер ұйымдарының уақытылы және жедел көмек көрсету үшін өз қызметін қайта құрғанын айтты.

«Біз бір ресурстарды бөлуде, еріктілерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуде тікелей көмек көрсеттік. Мәселен, бір ғана республикалық орталық қажетті көмектің 180 млн-нан астам қосымша ресурстарын таратуға көмектесті», - дейді Т.Миронюк.

Айта кетейік, 2020 жыл ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Волонтер жылы деп жарияланды. Елімізде 290-ға жуық волонтерлік ұйым және 50 мыңнан астам белсенді еріктілер жұмыс істейді.


Жоғары қарай