
Қазақстанда жыл басынан бері 7 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 2,2 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрақты жұмыс орнына және 5 мыңнан астам адам уақытша жұмысқа орналастырылды.

Іле Алатауы ұлттық паркінің сел жүру қаупі жоғары аймақтарына бөгет салынады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Іле Алатауы ұлттық табиғи саябағының 20,90 га жері ерекше қорғалатын аумақтан шығарылуы мүмкін. Ол жерлерге тұрғындарды селден қорғау мақсатында бөгет салынады. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қаулысы ашық талқыға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенат цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамытуға қатысты заң қабылдады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Журналистика саласы жаһандық деңгейде үлкен тоқыраудан өтіп жатыр - Жайнагүл Төлеміс
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қоғамдық пікір қалыптастырып, билік пен қоғам арасындағы алтын көпірге айналған БАҚ-тың медиа кеңістікте ғана емес, өркениет көшіне бет алған даму тіршілігімізде де ерекше орын алатынын ешкім теріске шығара қоймас. Осыған орай, еліміздегі БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, АҚШ-тағы Джордж Вашингтон университетінің түлегі, медиа және саяси стратегиялық коммуникация маманы Жайнагүл Төлеміспен отандық және әлемдік журналистиканың проблемалары, саяси тұлғалардың қоғаммен, журналистермен қарым-қатынас жасауы, медиа мамандарын даярлаудағы кемшіліктер, журналистерге статус беру, сонымен қоса журналистерді марапаттауға қатысты мәселелер төңірегінде сұхбаттасуды жөн санадық.

Қаржы пирамидаларын басқарғаны үшін жауапкершілік күшейтіледі – Сенат төрағасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

АХҚО-да мыңнан астам шетелдік IT мамандарына көмек көрсетілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Экспат орталығында «бір терезе» қағидатымен шетелдік IT-мамандар үшін арнайы қызмет іске қосылды. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл қызметінің тиімділігі күшейтіледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ мемлекеттік баға реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баспасөз хатшылары ресми ақпарат берудің жаңа форматына көшуі керек – Үкімет басшысы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік органдардың ресми өкілдері, баспасөз хатшылары ресми ақпарат берудің жаңа форматына көшу керек. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҰҚК дәрілік заттардың контрабандасының жолын кесті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2022 жылдың 24 маусымында Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізіп жатқан сотқа дейінгі тергеу шеңберінде шетелден жалған өндіріске қажетті шикізат ретінде көрсетілген дайын дәрілік заттардың ірі көлемінің (таблетка түрінде) контрабандалық жеткізу арнасының жолы кесілді.

Асқар Омаров Үкімет жұмысына жұртшылық пен БАҚ сынының себептерін атады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік органдардың жұмысын БАҚ-та кеңінен түсіндіруге арналған тақырыптар бойынша ақпараттар аз беріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандықтар мемлекеттік қызметті мобильді қосымша арқылы жиі алады - Мусин
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – EGov Mobile мобильдік қосымшасында да электронды қызметтерді пайдалану екі есе өскен. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2023 жылға дейін 6 өңір цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2023 жылға дейін 6 өңір цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға толық көшіріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Асқар Омаров: БАҚ саласының кадрлық әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөлеміз
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарының кадрлық әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөледі. Бұл туралы Үкімет отырысында аталған ведомствоның басшысы Асқар Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан сериалдарын Сингапур, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан сынды елдер сатып алды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 5 жылда мемлекеттің қолдауымен 250-ге жуық сериал түсірілді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2022 жылдың екінші жартысында мұнай бағасы көтерілуі мүмкін – сарапшылар болжамы
АММАН.ҚазАқпарат – Сарапшылар Ресейге қарсы санкциялардың күшеюі, Иранның ядролық келісімін жасаудағы қиындықтар және ОПЕК-ке мүше елдер мен оның одақтастарының еркін өндіріс қуатының қысқаруы аясында биыл мұнай бағасының өсуін болжап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік қызметтердің 93% онлайн түрде қолжетімді – Бағдат Мусин
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда адами факторсыз құрылатын электронды мемлекеттік қызметтер санын арттыру керек. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Италияда қатты құрғақшылыққа байланысты төтенше жағдай жарияланды
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Дүйсенбі күні Италияның Ломбардия провинциясының губернаторы Аттилио Фонтана елде жалғасып жатқан қатты құрғақшылықтың бұл аймақта бұрын-соңды болмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ANSA ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай