
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
ТОКИО. Kyodo News – Коронавирусқа байланысты Жапонияға кіруге тыйым салынған спортшылар үшін төтенше жағдай тоқтатылған соң, яғни наурызда елге келуге рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы ҚазАқпарат Kyodo News ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Астаналық кәсіпкер «Ashyq» мобильді қосымшасы туралы: Бизнес үшін жағдай жасалғанына ризамын
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Таяуда Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларының кейбір кәсіпкерлік субъектілерінде «Ashyq» пилоттық жобасын іске асыру басталады. Мақсат – ел ішінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту.

Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2-3 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға мемлекеттік сапары өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР СІМ Telegram-каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы басталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ бастамасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Лима Диас ҮЕҰ жұмысы жайында: Қоғам талқылауына сындарлы пікірлерді енгізу керек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма төрағасы Лима Диас елордада Ақпарат және қоғамдық даму министрінің үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесуінің қорытындысын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рахым Ошақбаев елімізде ҮЕҰ-лар атқаратын міндеттерге пікір білдірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Рахым Ошақбаев үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) қызметіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдардың әлеуеті жоғары - Ерлан Саиров
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаһандану процестері алдымызға көптеген талаптарды қойып отыр. Бұл туралы Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне орай өткен іс-шарадан кейін ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Ерлан Саиров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандықтар Бас прокуратураның фейк-қаулысын таратуда
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ресейде есепке қойылған машиналардың иелеріне Қазақстан Республикасының аумағында бас сенімхатсыз жүруге тыйым салынады». Қазақстандықтар әлеуметтік желіде ҚР Бас прокуратурасы құжатының скрин-фотосын таратуда. Алайда аталмыш ведомство бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

ДДСҰ құс тұмауының адамға жұғу фактісін растады
ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 26 ақпаны күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ресейде адамның H5N8 вирусын жұқтырудың әлемдегі алғашқы оқиғасы тіркелгенін растады. Бұған дейін вирус тек құстар арасында ғана таралған еді. Вирусты елдің оңтүстік өңірлерінің біріндегі құс фабрикасында жұмыс істейтін 7 қызметкер жұқтырып алған. Вирус індетке шалдыққандардан одан әрі тарамаған, бұл оның адамнан адамға жұқпайтынын куәландырады. ҚазАқпарат бұл туралы БҰҰ жаңалықтары сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Меморгандардың ақпаратына қолжетімділікке сараптама жасалады - министр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік органдардың ашықтық деңгейін анықтау үшін сараптама жүргізіледі. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева inbusiness.kz сайтына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аида Балаева кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің жоғары оқу орындарындағы журналистика факультеттерінің оқу бағдарламалары зерделенеді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева inbusiness.kz сайтына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аида Балаева: Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті. Іс-шара жыл сайын 27 ақпанда атап өтілетін Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні аясында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облысында мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын жеңілдету туралы» 2021 жылғы 24 ақпандағы өңірдің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда отбасыларды әлеуметтік қолдау: 2021 жылға қаржыландыру көлемі артты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Былтыр отбасыларды әлеуметтік қолдау тұрғысында 600 млрд теңгеден астам сомаға мемлекеттік қолдау жасалды. Ал 2021 жылы Қазақстанда балалы отбасыларды әлеуметтік қолдауға арналған қаржыландыру көлемі өткен жылмен салыстырғанда елеулі сомаға өскен. Осы орайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұл салада жүргізген есеп-қисабын, талдауын көпшілік назарына ұсынуды жөн көрдік.

Баспана мәселесі: Алматы қаласы бойынша өзекті сұрақтардың жауабы
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Ермек Әміров және Алматы қаласы «Отбасы Банк» АҚ филиалы директорының орынбасары Данагүл Түсіпова Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында журналистердің тұрғын үй бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысты сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанада апатты үйлерден жыл сайын 300-ден астам отбасы көшірілетін болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жыл сайын 300-ден астам отбасын апатты үйлерден жаңа баспанаға көшіру жоспарланып отыр. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының жаңа мүшелеріне партиялық билеттерді табыс еткен қала әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары – министр Мырзағалиев
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгінгі күні республика бойынша 10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев экология мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес алдындағы есептік кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай