
Қазақстан мен Түркия Президенттері кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөнінде мәлімдеме жасады
АНКАРА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайип Ердоған Кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы бірлескен мәлімдеме жасады. ҚазАқпарат құжаттың мәтінін жариялайды.

Батыс Қазақстанда жол апатынан кішкентай бала көз жұмды
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында жол апатынан кішкентай бала көз жұмды. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 9 мамыр күні шамамен түс мезгілінде Орал-Атырау жолында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанайда өрттен зардап шеккен 13 отбасыға көмек көрсетіледі - әкімдік
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайда өрттен зардап шеккен отбасылар саны көбейе түсті, оларға барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Бұл жайт қала көлеміндегі төтенше жағдай болып есептеледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдағы референдум – саяси реформалардың маңызды кезеңі - сенатор
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қапшағай қаласының атын өзгертуге арналған салтанатты іс-шараға қатысқан ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Динар Нөкетаева Қонаев қаласының тұрғындарымен алдағы референдум жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі өңірде қатты құрғақшылық болуы мүмкін - Қазгидромет
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы деректерге байланысты мамырдағы құрғақшылық туралы болжам түзетілді. Ел аумағының басым бөлігінде, ай бойы ылғалдану жағдайлары нормаға жақын болады деп күтіліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК сайтына сілтеме жасап.

Ресейліктердің Қазақстанға келуі отандық еңбек нарығына қалай әсер етеді
НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биылғы ақпан, наурыз, сәуір айларында Қазақстанға 128 мыңнан астам Ресей азаматы және 3 мыңнан астам Украина азаматы келген. Егер өткен жылмен салыстырсақ, көрші мемлекеттен келгендер саны биыл екі есеге артқанын байқаймыз. Бұл жағдай әсіресе әлеуметтік желіде көп талқылана бастады. Шеттен келген мигранттардың көбеюі еңбек нарығына қалай әсер етеді? Өз азаматтарымыз жұмыссыз қалмай ма? Осы сұрақтар қоғамды алаңдата бастады. Осыған орай аталған тақырыпта материал дайындауды жөн санадық.

Инфляция мәселелері күнделікті бақылауда болуы тиіс - Премьер
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын ұстап тұру мәселелері жөніндегі кеңесте әкімдердің осы бағытқа жетекшілік ететін орынбасарлары жағдайды бақылап, тиісті шаралар қабылдауы қажеттігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық оқушылардың оқу жетістігін бағалау ережелері өзгерді - министр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Білім және ғылым министрі оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау ережелеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрыққа қол қойды. Бұл туралы Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақылы тұрақ жобасындағы қателіктерден баламалы тұраққа қолжетімділік азайып кетті - сарапшы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының ақылы тұрақ кеңістігін құру, пайдалану және басқару жобасы тұрақ орындарының тапшылығын болдырмау керек. Алайда, автотұрақтарды қала меншігіне қайтаруға бағытталған жобаның тиімділігі елорда тұрғындары мен әлеуметтік желі қолданушылары тарапынан сынға алынуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұнай 6%-ға, ал биткоин 7,6%-ға арзандады
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Дүйсенбі күні мұнай шикізатының бағасы 6%-ға төмендеді, өйткені АҚШ-тағы пайыздық мөлшерлеменің өсуіне байланысты доллар соңғы 20 жыл ішіндегі максимум деңгейге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі іnvesting.com сайтына сілтеме жасап.

Қарағандыда ерекше балалар тегін жүзіп үйренеді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы республикада бірінші болып аутист балаларға арналған спорттық жобаны іске қосты. Ол үшін он жаттықтырушы арнайы оқытылып, «Бейімделген дене шынықтыру» курсы бойынша сабақтар өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай