
Басқарма басшыларына жемқорлықтың алдын алу шаралары тапсырылды -Түркістан облысы
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат –Түркістан облысында басқарма басшыларына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары тапсырылды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаевтың төрағалығымен өткен алқалы жиында сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елорда әкімі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алтай Көлгінов ТЖМ министрі Юрий Ильинмен өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуын бақылауды күшейту мәселесін талқылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімі өзінің «Инстаграм» парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Коронавирус қатерлі ісікке шалдыққан адамдарға қалай әсер етеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ басқарма төрайымы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы Диляра Қайдарова коронавирустың қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобалар кепілдендіріледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына арнаған жолдауында «Қазақстанның алдында тұрған аса маңызды міндет – өнеркәсіптік әлеуетімізді толық пайдалану. Осы саладағы табыстарымызға қарамастан, ішкі нарықтың зор мүмкіндіктерін әлі де болса толыққанды жүзеге асыра алмай келеміз. Өңделген тауарлардың үштен екісіне жуығы шетелден әкелінеді», - деген болатын.

Арменияда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 145 мыңнан асты
ЕРЕВАН. ҚазАқпарат – Арменияда коронавирус инфекциясының расталған жағдайларының саны 145 мыңнан асты, өткен тәулікте 1174 жаңа жағдай анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі Арменияның Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстанда Онкология және радиология институты қалай дамып келеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Қазақстан онкологиясы. Кеше. Бүгін. Ертең» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция барысында «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ басқарма төрайымы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы Диляра Қайдарова институттың дамуы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетауда үйіндегі өртті сөндірмек болған зейнеткер қаза тапты
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда өртенген жеке тұрғын үйден 63 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Ол әйелін көмек шақыруға жіберіп, өзі өртті сөндірмекші болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістанда 2500 мың тонна халал желатин өндірілмек
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев малайзиялық PNMB International бас директоры Ахмад Сязалимен кездесті. Әлемдегі желатин өндірісінің бастамашысы болып табылатын компания облыс аумағында 35 миллион АҚШ долларының (15,5 миллиард теңге) «KazGelatine» инвестициялық жобасын іске асырмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық жетекші сараптама орталықтары дін және әлемдегі диалог мәселелерін талқылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы алаңында ең беделді ғалымдар, танымал халықаралық сараптама орталықтарының (think tanks) сарапшылары жаһандану, дін, диалогтың өзекті мәселелері бойынша мазмұнды пікірталас өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сайлау кезінде коронавирустың таралмауы үшін қандай іс-шаралар қабылданады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық вице-министрі - Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов Мәжілістің және жергілікті мәслихаттардың депутаттарын сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде халық арасында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында арнаулы қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Пандемия кезінде 500-ден астам түркістандық кәсіпорынға мемлекеттік қолдау көрсетілген
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің жаңартылған құрамымен кездесті. Жергілікті жас кәсіпкерлер көрмесіне қатысқан өңір басшысы жаңадан іс бастаған кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасалғанын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Республикалық жарыста жүлделі болған түркістандық оқушылар марапатталды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының «Барыс» әскери патриоттық клубының оқушылары республикалық VI Айбын әскери патриоттық жиынына қатысып, жүлделі екінші орынды иеленген болатын. Өңірің атынан әскери патриоттық жиында жетістікке жеткен оқушылар арнайы алғыс хатпен марапатталып, оларға бағалы сый-сияпат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысында медицина қызметкерлеріне арналған үй салынады
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында келер жылы медицина қызметкерлеріне арналып қызметтік үй бой көтермек. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев денсаулық сақтау саласы мамандарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтанда түн жарымында жұмыс істеген SPA салон мен кафе-бар анықталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Полицейлер, әкімдік және қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы өкілдерінен құралған мобильді топтар карантин ережесін бұзу фактілерін анықтауды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Елбасы астанада өткен имамдар форумына құттықтау хатын жолдады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн форумы өтті. Имамдарға Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау хатын жолдады.

Ержан Бабақұмаров Алматы тұрғындарын МӘМС жүйесімен қамтуды кеңейтуді тапсырды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Ақтаевамен өңірлік штабтың онлайн-отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сайлау жаңалықтары: Үгіт басталған күн, аккредиттелген ЕҚЫҰ байқаушылары және теледебат
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түс ауа Орталық сайлау комиссиясы бүгінгі күннің екінші отырысын өткізіп, күн тәртібінде бірнеше мәселені қарады. Электоральды кезең үшін бүгінгі күннің маңызы зор. Себебі сағат кешкі алтыдан бастап саяси партиялар өзінің көптен күткен үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Forbes нұсқасы бойынша Ұлттық хоккей лигасының ең қымбат клубы - «Нью-Йорк Рейнджерс»
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Forbes журналының нұсқасы бойынша Ұлттық хоккей лигасының ең қымбат клубы «Нью-Йорк Рейнджерс» деп танылды. Тиісті рейтинг аталмыш басылымның сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қытай жүк қабылдаудың жаңа тәртібін енгізді. Экспортшылар көмек сұрап отыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Атамекен» ҚР ҰКП отандық экспорттаушыларды, мүдделі мемлекеттік органдар мен темір жол өкілдерін шақыра отырып, «ҚХР-ға отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдаудың қазіргі жағдайы және перспективасы» атты ZOOM-конференциясын ұйымдастырды.

Қарағанды облысының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті бекітілді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттары онлайн режимінде өткен кезекті XLІV сессияда алдағы үш жылға арналған басты қаржылық құжатты бекітт, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Алматыда волонтер жылы қорытындыланды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының волонтер ұйымдары жыл басынан бері 26 мыңнан астам қала тұрғынына көмек көрсетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында «Қазақстан еріктілері лигасы» ҚҚ Алматы филиалының жетекшісі Бағдат Анарбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда сайлауалды үгіт жұмыстары басталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін жергілікті уақыт бойынша 18-00-де 2021 жылдың 10 қаңтарына тағайындалған ҚР Парламенті Мәжілісінің және жергілікті мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың партиялық тізім ұсынған партиялардың үгіт жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда «Қазақстан онкологиясы. Кеше. Бүгін. Ертең» мерейтойлық конференциясы өтіп жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Қазақстан онкологиясы. Кеше. Бүгін. Ертең» халықаралық конференциясы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл шара Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институтының ашылғанына 60 жыл толуына орай ұйымдастырылған.

Ақтөбеде шошқа фермасына 7 млрд теңге айыппұл салынды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде экологтар шошқа фермасының жұмысынан бірнеше заңсыздықты анықтап, айыппұл салды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық экология департаментінің басшысы Нұржан Аққұл мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы Заңға қол қойды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай