
Қарағанды облысының әкімі полицейлермен және әскери қызметшілермен кездесті
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек ішкі істер органдарының қызметкерлерімен және әскери қызметшілермен кездесті. Ол ел басына төнген қиын уақытта үйлесімді жұмыс атқарып жатқандары үшін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ризашылығын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент жастардың білімді болуына көңіл бөліп отырғаны қуантты - Элина Паули
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Жастар» орталығы директорының орынбасары, жастар кадрлық резервінің мүшесі Элина Паули Мемлекет басшысының бүгінгі Мәжіліс отырысында сөйлеген сөзіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астананың блокбекеттеріндегі қызметкерлер үшін ақша жиналып жатқан жоқ – комендант
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің басшысы-елорда коменданты Ержан Сәденов төтенше жағдай режимі кезінде ел тыныштығын күзетіп тұрған полицейлер мен басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін қаражат жинап, азық-түлік әкелудің қажеті жоқтығын еске салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлихан Смайылов жаңа министрлерді таныстырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ұлттық экономика, энергетика, индустрия және инфрақұрылымдық даму, денсаулық сақтау, ақпарат және қоғамдық даму, мәдениет және спорт, әділет министрліктерінің ұжымдарына жаңа басшыларын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлихан Смайылов Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен телефон арқылы сөйлесті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz-ге сілтеме жасап.

Ақтөбеде команданттық сағат кезінде әуежай мен теміржол вокзалынан күту алу ережесі түсіндірілді
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде коменданттық сағат уақыты – 23:00-07:00 аралығында болып бекітілді. Теміржол вокзалы мен әуежайдан жолаушыларды күтіп алатын адамдарға ереже түсіндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жастарға жүктелер міндет көп, сенім де мол – Дулат Жүсіпқалиев
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында жасаған мәлімдемесінде жастарға артылар сенімнің мол екенін анық аңғартты. Орал қаласы ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Дулат Жүсіпқалиев осыған орай өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысында тәулігіне 20-дан астам тұрғын коронавирус жұқтыруда
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында жыл басынан бері 200-ден астам адам COVID-19 инфекциясына шалдыққан. Соңғы тәулікте 37 жағдай есепке алынса, оның ішінде 4 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандыда блокпоста тұрған сарбаздарға ыстық тамақ таратылды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Еліміздегі болған соңғы жағдайларға байланысты полиция қызметкерлері мен Қорғаныс министрлігінің сарбаздары Қарағанды қаласының маңына қойылған блокпостарда күзетте тұр. Бір аптаға жуық уақыт үй көрмей, қыстың суығына қарамастан өз міндетін атқарып жатқан күш құрылымына қазақстандықтар барынша қолдау көрсетіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президенттің сөзі халыққа сенім, жігер сыйлады – Бердібек Сапарбаев
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәжілістің жалпы отырысындағы тапсырмаларын орындау бойынша Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев шұғыл жиын өткізіп, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қордайдағы вакцина шығаратын зауытты әскерилер күзетеді
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы аумағында автокөлік, әуе, темір жолдары ашық. Коммуналдық қызмет көрсету мекемелері штаттық режимде жұмыс жасауда, сұйық отын қоры жеткілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ауғанстан азаматтарын Қазақстанға 2021 жылы жазда әдейі әкелген» - фейк
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Telegram мессенджерінде Ауғанстан азаматтары Қазақстанға өткен жылы жазда Үкіметтің бұйрығымен әкелінгені туралы хабарламалар таратылуда.Оларды Шымкентте орналастырған екен. Бұл – фейк, деп хабарлайды ҚазАқпарат Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмалары жастарға үлкен жауапкершілік жүктеп отыр - Дастан Ермеков
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде еліміздің тәуелсіздігін баянды ету бағытында бірқатар реформаларды жүзеге асыруды тапсырған болатын. Бұл жаңалықты ақмолалық жастар да зор шабытпен қабылдады. Осы ретте, еліміздің келешегі жастарға үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Ақмола облысы бойынша волонтерлерді қолдау орталығының фронт-офисінің басшысы Дастан Ермеков осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарапшы меморгандар қызметіне қатысты: Тікелей халықпен жұмыс істеу керек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Индира Рыстина елдегі жағдай мен Мемлекет басшысының бүгінгі үндеуіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ләззат Сүлеймен: Смайыловтың Үкіметіне сын да, үміт де көп болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін бекітілген Әлихан Смайыловтың үкіметіне сын да, үміт де көп болады. Сондықтан да күтеріміз көп. Сенат депутаты Ләззат Сүлеймен жаңа үкімет құрамына байланысты осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды содырлар қолынан қаза тапқан тағы бір сарбазды соңғы сапарға шығарып салды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қаза тапқан тағы бір қарағандылық сарбазды туған-туыстары ақтық сапарға шығарып салды. Антына адал 28 жастағы капитан 7 қаңтарда азаматтық борышын өтеу барысында қыршынынан қиылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай