
Түркістандық дәрігерлер асқазан көлемін кішірейту бойынша 48 ота жасаған
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында дәрігерлер семіздікке шалдыққан 48 адамға ота жасап, асқазанын кішірейткен. Өңірдің хирург дәрігерлер бұл оталарды соңғы алты жыл көлемінде жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазнетте осал пошта серверлерінің 170 ІР мекенжай табылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ-ның KZ-CERT компьютерлік инциденттеріне жауап беру қызметі Интернеттің қазақстандық сегментіне Microsoft Exchange әлсіз пошта серверлерінің IP мекенжайларын іздеу бойынша мониторинг жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

100 есім: Балалар дәрігері ата-аналарға арнап мектеп ашты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Балалар дәрігері және реабилитолог Латиф Парпиев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қатысушысы атанды. Төрт жыл бойы балаларды оңалтумен айналысып келе жатқан дәрігер волонтер және «28 петель» халықаралық қайырымдылық клубының вице-президенті болып жұмыс істейді. Латиф Парпиев балаларды қалай емдейтінін және ол құрған жобалардың миссиясы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысында биыл жаңадан салынған 44 мектеп пайдалануға беріледі
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында биыл 51 мектептің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін оның 44-і пайдалануға беріледі. Бұл туралы облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирус: Алматыда мереке қарсаңында бақылау күшейді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Алмалы ауданында карантин талаптарын қасақана бұзатындарға шаралар күшейтіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алмалы ауданының әкімі Серік Құсайынов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда БЖЗҚ-дан ай сайын берілетін зейнетақы төлемдері өседі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ай сайынғы төлемді есептеуді жүзеге асыру әдістемесі өзгереді. Осы орайда аталған қордың баспасөз қызметі БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібіне түсініктеме берді.

Бішкекте «Абай ақынға мың тағзым» концерті өтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бішкекте Абдылас Малдыбаев атындағы Қырғыз ұлттық академиялық опера және балет театрында қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына арналған «Абай ақынға мың тағзым» концерті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Қызылорда облысында банкет залдарында ас беруге рұқсат берілді
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда облысында банкет залдарына ас беруге рұқсат берілді. Облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысында залда адам саны 50-ден, ал толымдығы 30 пайыздан аспауы қажеттігі көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында жолда қалған 70-ке жуық адам құтқарылды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты барлық автокөлік түрлері үшін автожолдар жабылды. Өңір құтқарушылары қар құрсауынан автокөліктер мен олардың жолаушыларын құтқаруға көмектесуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Теміртауда «Жасыл белдеу» пайда болады
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев қала айналасында «жасыл белдеу» құру мәселесі бойынша жұмыс сапарымен Теміртауда болды. Бұл туралы ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қырғызстанда 20-дан астам адам Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлеріне қарулы қарсылық көрсетті
БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат - Қырғызстанның Баткен облысындағы шекаралық аумақта 20-дан астам адам Ұлттық қауіпсіздік бойынша мемлекеттік комитетінің қызметкерлеріне қарулы қарсылық көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат КАБАР агенттігіне сілтеме жасап.

Қазақстанның шет елдердегі мекеме басшыларымен инвестиция мәселесі талқыланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің төрағалығымен шетелдік инвестицияларды тарту мәселелері бойынша Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінің басшыларымен онлайн-кездесу өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның Әуе күштері жаңартылған ұшақтармен толықты
БАЛҚАШ. ҚазАқпарат - Балқаш қаласындағы Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің оқу-авиациялық орталығына L-39 оқу-жауынгерлік ұшақтары келді. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шарты шеңберінде өткен жылдың соңында олар өндіруші зауытқа жіберілді. Онда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңғыртудан өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Спутник V» вакцинасын әзірлеушілердің бірі қазақстандық оқушылармен кездесті
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасын әзірлеушілердің бірі, биология ғылымдарының кандидаты Ілияс Есмағамбетов Шымкенттегі физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларымен және ұстаздарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай