
Маңғыстау облысында 200 мыңнан астам адам жер кезегінде тұр
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында үй салуға жер алу үшін 205 мың 400 азамат кезекке тіркелген. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Есемұрат Дүзмағанбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағандыдағы аттракцион желіде кернеудің төмендеуінен тұрып қалған
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласының мәдениет және демалыс саябақтары басқармасы «Америкалық таулар» аттракционындағы вагондардың бірі бірнеше метр биіктіктегі рельсте неліктен тұрып қалғанын түсіндірді. Оқыс оқиға осыдан екі күн бұрын болған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да жоғары қан қысымымен 62 мыңнан астам адам дәрігер есебінде тұр
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биыл қан айналым жүйесі ауралары бойынша 47,5 мың адам скринингтік тексерістен өтуі тиіс. Үш айдың ішінде 9 мыңнан астам адам тексерілсе, соның шамамен әр үшіншісі дәрігерлердің диспансерлік есебіне алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан - түркиялық дрондарды шығаратын алғашқы шет ел болмақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Kazakhstan Engineering» еншілес компаниясының базасында ANKA дрондарын құрастыру және оларға техникалық қызмет көрсету желісі ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

ЕҚЫҰ бюросының миссиясымен референдумға дайындық барысы талқыланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Сайлау жөніндегі аға кеңесші Алексей Громов бастаған ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының қажеттіліктерді бағалау жөніндегі миссиясын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоға сілтеме жасап.

Алматыдағы КВИ-ден емдеуге арналған аурухана бос тұрған жоқ
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирус инфекциясын емдеуге арнайы салынған 500 төсектік ауруханада қазір маусымдық инфекция мен мононуклеоз, шанақ, бруцеллез жұқтырғандар емделіп жатыр. Бұл туралы Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1700 км жаяу жүріп өткен қарт саяхатшы Алматыға жетті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлытаудың 72 жастағы тұрғыны Сәрсенбай Қотырашов бүкіл Қазақстанды жаяу аралап шығу ниетімен сапарға шыққан. Бүгін ол 1 700 шақырымды артқа тастап, Алматыға жетті. Бұл - оның жоспарлы бағытындағы 17 қаланың бесіншісі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әр азамат референдумда дауысқа салынатын мәселелерді оқып шығуы керек - журналист
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықты референдумға шақыра бергенше, онда дауысқа салынатын мәселелермен танысуға шақыру маңызды. «Павлодар география үйі» қоғамдық бірлестігінің директоры, Журналистер одағының облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Александр Вервекин Қазақстанның Азаматтық альянсы өткізген телекөпірде осындай пайым айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Саясаттанушы алдағы референдумға арналған сайт ашуды ұсынды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Саясаттанушы Жұлдызай Исқақова конституциялық реформаға байланысты өтетін референдумға арнап жаңа сайт ашуды ұсынды. Пайымынша, ол сайтта Ата заңның бұрынғы нұсқалары да берілуі керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Евровидение-2022» байқауында көрермен санының жаңа рекорды тіркелді
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Сейсенбі күні Италияның Турин қаласындағы «Palaolimpico» аренасында «Евровидение-2022» халықаралық ән байқауының ресми ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Италияның RAI телеарнасына сілтеме жасап.

Атырауда 1892 жылғы винтовка мен соғыстан қалған тапанша полицияға тапсырылды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау тұрғыны 1892 жылғы винтовка мен соғыс кезінде шыққан тапаншаны полицияға тапсырды. Облыста 25 сәуірден бері атыс қаруларын, оқ-дәрі, жарылғыш заттарды сатып алу акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік сатып алуда 16 млрд теңгеге бағаны қолдан өсіру жайты анықталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік сатып алу саласына қоғамдық бақылау жүргізу барысында бірнеше заңбұзушылық анықталып, нәтижесінде 40 хаттама толтырылды. Сонымен қатар 12 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы «Ел намысы» арнайы мониторингілік тобының мүшесі Дидар Смағұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сурдлимпиадада ұлттық құрама капитаны қола жүлдені жеңіп алды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бразилияда өтіп жатқан сурдлимпиада ойындарында таэквандодан жарыстар аяқталды. Ұлттық құрама капитаны, 58 келіде сынға түскен Аян Әбдіраш қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Максим Бакиевтің 200 млн долларын Қырғызстанға қайтару процесі басталды
БІШКЕК.КАБАР –ҚазАқпарат – Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Алексей Ширшовке тиесілі «Дастан» корпорациясының 100 пайыз акциясы және Максим Бакиевтің дүние-мүлкі мемлекет меншігіне өтуі тиістігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «КАБАР» агенттігіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның Ұлттық кітапханасына бірнеше кітап сыйлады
АНКАРА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысына, ең алдымен ескі қолжазбалар мен сирек кездесетін кітаптар бөлімі таныстырылды. Бұл бөлімде құнды зерттеулер мен құжаттарды қамтитын ғылыми кітаптар сақталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Теміртаулық тергеуші қылмыстық істі тоқтату үшін күдіктіден ақша алған
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Теміртау қаласында тергеуші қылмыстық іске нүкте қою үшін күдіктіден 500 мың теңге пара алған. Бұл туралы «Ел намысы» арнайы мониторингілік тобының мүшесі Дидар Смағұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан мен Түркия өз университеттерінде стипендиялар ұсынуға уағдаласты
АНКАРА. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапары аясында екі ел үкіметтері арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Конституцияның 44-бабына өзгеріс енсе, әкімдердің халықпен байланысы артады - сарапшы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Белсенді азамат» қоғамдық қорының төрағасы Гамал Түзелбаев Конституцияның 44-бабына ұсынылып отырған өзгерістер облыс әкімдерінің халыққа жақынырақ болуына мүмкіндік жасайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астанада 8-қабаттағы терезеден баланы құтқарып қалған Сәбит Шонтақбаев марапатталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астанада 8-қабаттағы терезеден салбырап тұрған баланы құтқарып қалған Сәбит Шонтақбаев «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағанды өңірінде 464 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар жол жөнделеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл Қарағанды облысында автокөлік жолдарының ахуалын жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр. Жол жөндеу жұмыстары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Браконьерлерден 1 тоннаға жуық бекіре тәркіленді
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – 1 сәуірден бері заңсыз айналымнан 17 тонна 993 келі балық алынған. Оның ішінде 996 келі бекіре тұқымдас түрлері мен бағалы балықтардың 755 грамм уылдырығы да бар. Бұл туралы Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының ресми өкілі Олег Тушканов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Пара беру туралы уәде немесе ұсыныс үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілмек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының концепциясы шеңберінде заңнамалық актілерге және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Алматы тұрғындары «Никольский» базарының қазіргі жағдайына алаңдап отыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматылықтар «Никольский» базарының орнына басқа ғимарат салынар болса, құзырлы мекемелер жауап беріп, қоғамдық тыңдауды өткізуді талап етті. Бұл туралы қала белсенділері әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

12 шілдеге дейін Сбербанк салымшылары қаржысын басқа банктерге аудара алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы Сбербанк биылғы 12 шілдеге дейін кез келген операцияны жүзеге асыра алады. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркиямен арадағы келісімдерді жүзеге асыру жеке бақылауымда болады – Президент
АНКАРА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдерімен кездесу барысында бұл шараның Қазақстан мен Түркия сауда-экономикалық ынтымақтастығын нығайта түсуге септігін тигізеріне сенімділік білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай