
Ата-аналар балабақшадағы жаңажылдық шараларды онлайн тамашалайды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында көпшілік шараларды өткізуге тыйым салынған. Алайда, соған қарамастан өңірдің «сары аймаққа» өтуіне байланысты кезекші топтағы балалар үшін жаңажылдық ертеңгіліктер өзге форматта өтеді. Бұл туралы Ақмола облысының бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батысқазақстандық жазушы Мира Шүйіншәлиеваның жаңа кітабы жарық көрді
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мира Шүйіншәлиеваның «Өкініш» кітабының тұсауы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстауда ғалымдар Бозжыра шатқалының экологиялық жағдайын талқылады
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтауда Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, сонымен қатар Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловамен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетау мен Степногордың айналасындағы санитарлық постар алынады
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының «сары аймаққа» өтуіне байланысты Көкшетау және Степногор қалаларына кіреберістегі санитарлық постар алынады. Бұл туралы брифингте Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістанда Сәкен Сәрсенов шағым түсіруге арналған мобильді қосымшаны таныстырды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысына жұмыс сапарымен барған ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыстық Полиция департаментіндегі жедел басқару орталығы мен бөлімшелердің материалдық - техникалық қамтамасыз етілуімен танысты. Бұл туралы ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Нағыз офицерді тәрбиелегеніңіз үшін рахмет: Серік Күдебаев қаза тапқан полицейдің анасымен сөйлесті
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін әлеуметтік желі арқылы халықпен онлайн кездескен Алматы облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Серік Күдебаевқа қызмет барысында қаза тапқан полиция полковнигі Айдын Асқарбаевтың анасы қоңырау шалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерлан Қарин сайлау жайында: Президент бастамалары жүзеге аса бастады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының әйелдер мен жастар үшін партиялық сайлау тізіміне 30 пайыздық квота енгізу туралы бастамасы жүзеге асырыла бастады. Мұндай пікірді ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жамбыл облысында инвестиция тарту көрсеткіші 7,8 пайызға артты
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаев «Казфосфат» ЖШС филиалы – минералды тыңайтқыштар зауытының әкімшілік ғимаратында өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен облыстағы ірі кәсіпорындарын басшыларымен кездесті,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Пойызға мінетін кезде электронды жеке куәлікті пайдалануға болады - ҚТЖ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» АҚ желтоқсаннан бастап электронды жеке куәлікпен вагонға отырғызу жобасын жүзеге асырып жатыр. Бұл - жолаушының вагонға отырғандығы фактісін тіркейтін, жолаушының мәртебесін тексерудің баламалы нұсқасы, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тар заман» сериалының режиссері Мұрат Бидосов «Мәдениет саласының үздігі» атанды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Белгілі режиссер, «Кейкі мерген», «Тар заман» сериалдарының режиссері Мұрат Бидосов Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Baq.kz ресурсына слітеме жасап.

ОСК жергілікті мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындысын шығарды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін еліміздің Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсыну және тіркеу қорытындыларын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жеке тұлғалардың көлік, жер және мүлік салығына өзгерістер енгізілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Салық кодексіне және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Осы заңға сәйкес жеке тұлғалардың көлік, жер және мүлік салығын төлеу бөлігінде бірқатар өзгерістер бар.

Нұр-Сұлтанда сауда ойын-сауық орталықтары жабыла ма
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Айгүл Шағалтаева елордадағы ірі ойын-сауық орталықтарының жұмысын шектеуге қатысты нақты шешім әлі шықпағанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айгүл Шағалтаева: Елордада коронавирус инфекциясының таралу қаупі күшейіп барады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының саниатрлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Айгүл Шағалтаева елордадағы қазіргі эпидемиологиялық ахуал шектеу шараларын алып тастауға мүмкіндік бермей отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан мен Қытай арасындағы өткізу пункттері ашылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытайдан жүк тасымалдаумен айналысатын азаматтар бақылау-өткізу пунктіне электронды кезек жүйесінде тіркелмей кіру мүмкіндігі үшін шекаралас аймақтағы жағдайды ушықтыруға тырысуда. Бұл республикалық маңызы бар автомобиль жолында көліктік коллапс жасау арқылы көрініс тапты. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның 2021 жылғы ЖЕЭК төрағалығы: Тоқаев жұмыс жоспарын жария етті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің төрағалығы Беларусьтен Қазақстанға өтеді. Кеңестің бүгінгі отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан бұл мақсатта қандай жұмысқа мән беретінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өзбекстан мен Куба ЕАЭО жанындағы бақылаушы-мемлекет мәртебесіне ие болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бір ауыздан берген дауысы бойынша Өзбекстан мен Куба ЕАЭО жанындағы бақылаушы-мемлекет мәртебесіне ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев: ЕЭК-ның әділ органнан ұлттық пәрменді алаңға айналу қаупі бар
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүкіл экономикалық одақтың мүддесін әділдікпен алға жылжытуы тиіс Еуразия экономикалық комиссиясының ұлттық келіссөз пәрменіне арналған алаңға айналып кету қаупі бар. Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай