
Ректор: Техникалық мамандықтарға басымдық берілуі инженерлердің жаңа буынын жасақтайды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ректоры Жасұлан Шаймарданов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында жасаған мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Түркі мемлекеттері ұйымының іскер әйелдері Қазақстан халқына қолдау білдірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркі мемлекеттері ұйымы және Түркі сауда-өнеркәсіп палатасының Кәсіпкер әйелдер комитетінің төрайымы Сақина Бабаева Қазақстандағы қайғылы оқиғалар кезінде қаза тапқан жандардың отбасыларына көңіл айтты.

Нұр-Сұлтанда жедел жәрдем шақырушылар саны 2 есе артты – басқарма
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жедел жәрдем қызметіне жүгінушілердің саны артып отыр. Күніне пациенттерден 2500 шақырту түсіп жатыр. Бұл деректі Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова растап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау облысында карантин күшейеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Үкімет жұмыс тәсілдерін өзгертуі керек – Ләззат Рамазанова
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Үкіметі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын тиімді іске асыру үшін жұмыс тәсілдерін қайта қарауы керек. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Ләззат Рамазанова осындай пікір білдірді.

Көрші мемлекеттер еліміздегі қайғылы жағдайға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандағы қайғылы оқиғалар кезінде көптеген адамның қаза болуына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшыларынан, халықаралық құрылымдардың өкілдерінен көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр, деп хабарлайды Ақорда.

Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде 850-ден астам құқық бұзушылық анықталды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде блок бекеттерден өтіп жатқан 14 мыңнан аса көлік тексерілсе, айыптұраққа 100-ден астам көлік қойылған. Полиция бөлімшелеріне 1 200-ден астам адам жеткізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада коронавирус жүкті әйелдер мен балалар арасында жиілей түсті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында жүкті әйелдер мен балалар арасында COVID-19-ға шалдығу жиі байқалуда. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова әкімдікте онлайн өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астанаға омикрон штамы тіркелген елдерден бір айда 2247 жолаушы келді – бас санитар
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордаға бір айдың ішінде коронавирустың жаңа штамы омикрон тіркелген елдерден 2 мыңнан астам жолаушы келді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елорда дәмханаларында бір үстелде 4 адамнан артық отыруға болмайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында тамақтану орындарында бір үстелдің басына 4 адамнан артық жиналуға болмайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтанда кинотеатрлар мен мешіттер жабылып, көпшілік шараларға тыйым салынды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада эпидахуалдың нашарлауына байланысты театр, кинотеатр жұмысы тоқтатылды. Одан бөлек, көпшіліктің қатысуымен өтетін шараларға тыйым салынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңнамаға түзетулер енгізіледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2023 жылы «Қоғамдық бірлестіктер туралы» қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізіледі. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Президент тапсырмасы аясында осындай шараны іске асырмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада мектеп оқушылары 31 қаңтарға дейін қашықтан оқиды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында мектеп оқушылары, колледж және ЖОО студенттері онлайн оқуға көшірілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Омикрон штамы басқаларына қарағанда 5-7 есе жұқпалы – Сархат Бейсенова
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Омикрон штамы басқаларына қарағанда 5-7 есе жұқпалы және қайта жұқтыру қаупі жоғары. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда бірқатар шетел азаматтары уақытша эвакуацияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Америка Құрама Штаттары Қазақстан үкіметіне Алматыдан өз еркімен кетеміз деген консулдықтың кейбір қызметкерлерін, АҚШ азаматтарын және басқа да шетел азаматтарын 12 қаңтарда уақытша эвакуациялауға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президент Алматыда қаза тапқан полицейлер және әскери қызметшілердің туған-туыстарымен кездесті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілердің туған-туыстарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

«Жусан» операциясы: Елге қайтарылған отандастарымызды оңалту жұмысы жалғасады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Діни радикализммен күресті күшейту үшін елде тарайтын діни контентті мұқият бақылап, сондай контент тарату көзедеріне жазылған қазақстандық интернет пайдаланушылармен жіті жұмыс жүргізілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай