
Қазақстандық ғалымдар жол сапасын жақсарту бағыттанда зерттеу жүргізуде
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Соңғы 15 жылда Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары еліміздің автожол саласы үшін 200-ге жуық жаңа технология мен инновациялық шешім әзірлеген. Аталған әзірлемелерді қолдана отырып, 170 автожол учаскесі салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды қаласының Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхан есімі берілетін болды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласының әкімдігі Октябрь ауданын Әлихан Бөкейхан атындағы аудан деп қайта атау жөнінде Қарағанды қалалық мәслихатына ұсыныс енгізді. Осыған орай қоғамдық кеңес ұйымдастырылып, оған 700-ге жуық адам қатысты. Жиналғандардың басым бөлігі ауданның қайта аталуын қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Су тасқынына дайындық: Қоймалардың жағдайы қандай
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның су қоймалары еріген суды қабылдауға дайын. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Facebook парақшасында тікелей эфир барысында «Қазсушар» РМК су пайдалану бөлімінің басшысы Ербол Салықбаев хабарлады.

Мемлекетке 64 млн теңге шығын келтірген шенеунік жеңіл жазамен құтылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің өңірлерінде медициналық аппараттарды мемлекеттік сатып алу барысында жемқорлық әрекеттерді анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Агроинспектор Нұр-Сұлтан базарларындағы кәсіпкерлерден пара алып келген
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясының бас маманы астана базарларында кәсіпкерлерден пара алып келген. Бұл туралы бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бүгін өткен онлайн-брифингінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облысында 15 наурыздан бастап карантин шаралары күшейтіледі
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, 15 наурыздан бастап облыс аумағында «Ashyq» жобасы іске асырылып жатқан ұйымдарынан басқа ойын-сауық мекемелерінің қызметіне тыйым салынды. Сондай-ақ мектептерде, мәдениет нысадарында, банктерде және «Қазпошта» бөлімшелерінде, мемлекеттік органдарда белгілі бір шектеулер қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавируспен күрес: Дәрігерлерді үстемақыдан қаққан кімдер
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавируспен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне тиесілі үстемақыны төлеу кезінде жемқорлыққа бой алдырған біраз шенеунік жазаға тартылды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл Отпан тауда Амал мерекесі өтпейді
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Биыл Отпан тауда Амал мейрамына орай шаралар өтпейді. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық мәдениет тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Пәния Сармурзина мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алексей Цой: Қазақстанда дәрігерлер 200-800 мың теңге жалақы алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта медициналық қызметкерлер 200-800 мың теңге көлемінде жалақы алады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Хабар» арнасыне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет экономиканың шығармашылық секторын дамытудың негізгі тәсілдерін талқылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке экономиканың шығармашылық секторын дамыту бойынша шаралар кешенін әзірлеуді тапсырған болатын. Осы мәселе бойынша ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен салалық министрліктердің және әкімдіктердің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Парасат жолы» орталығының басшысы Ақтөбедегі жемқорлықпен күрес жұмыстарымен танысты
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин «Парасат жолы» республикалық орталығының басшысы, жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгелмен және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиевамен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Моңғолияда қазақ тілін үйреніп алған канадалық отбасы Қазақстанға қоныс аудармақ
ҰЛАНБАТЫР. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жалғас Әділбаев канадалық отбасы Крейг Портелл мен Сара Портеллді және олардың екі қызын қабылдады. Бұл туралы ҚазАқпарат Елшіліктің желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан мен Корея арасындағы сотталғандарды беру туралы шарт ратификацияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Алматы базарларынан ақша жинаған шенеунік ұсталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыдағы азық-түлік базарларының әкімшілері мен директорларынан ақша жинаған шенеунік ұсталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вакциналау: Елордада ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілмек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат әкіміктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы облысында мемсатып алу арқылы 13 млн теңгенің сыйлығы алынбақ болған
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы 13 млн теңгеге сыйлық жиынтығы сатып алынбақ болған. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аталмыш өңір бойынша департаменті оның жолын кескен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жүктілікті жоспарлап жүрсеңіз, алдымен вакцина алғаныңыз дұрыс – маман кеңесі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячаслав Локшин жүктілікті жоспарлап жүрген келіншектерге алдымен коронавирусқа қарсы вакцина салуға кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте жүкті әйелдерді емханаға есепке алу үшін ақша талап етілген
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласында жүкті әйелдерді есепке қою үшін емханада 1 мың теңге, перзентханада туу туралы куәлікті беру үшін 2 мың теңге ақша талап етіліп келген. Бұл туралы бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің онлайн-брифингінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай