
Жамбыл облыстық ПД бастығы қызмет бабында қаза тапқан полицейлердің отбасыларына барды
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы генерал-майор Жанат Сүлейменов қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан және ауыр жарақат алған полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетті,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресейдің Қорғаныс министрлігі: Қарабақтағы бейбіт режимді бұзудың алғашқы дерегі тіркелді
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Таулы Қарабақта әскери қақтығыстар аяқталған және өңірде РФ бітімгерлік операциясы басталған сәттен бері алғаш рет оқ атпау режимі бұзылды. Бұл туралы сенбі күні жарияланған РФ Қорғаныс министрлігінің бюллетенінде хабарланды, деп жазады ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтемемен.

COVID-19: Әлем елдерін әлек қылған індет
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еуропаның біраз елі мен АҚШ-тың жағдайы мәз емес. Короновирус инфекциясын жұқтырып, ауырып жатқан адам саны азаймай тұр. Шектеу шараларын күшейтіп, алдағы мерекелерде көп адамның жиналмауын ескертіп әлек. Кейбір елдер мерекеде сәл жеңілдік беру жағын да ойластырған. Дегенмен, қауіпті індеттің беті қайтпай, босаңсуға болмайды. Сондай-ақ, әлем елдері вакцина егуді бастап кеткен еді. Оның қандай әсері болып жатқаны жөнінде және шет елдердегі эпидемиологиялық ахуал жайын шолу жасап өтейік.

Мұхтар Құл-Мұхаммед ресейлік депутаттың пікірі жайлы: Бұл – миллиондаған қазақ пен орыстың тарихи танымын қорлау
НҰР-СҰЛТА. ҚазАқпарат - Сенатор, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед Ресей Федерациясы Думасының депутаты Вячеслав Никоновтың арандатушылық сөзіне қарсы осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

«Қазақстан жастары - 2020» Ұлттық баяндамасы сараптамалық талқылаудан өтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 12 желтоқсанда, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асхат Ораловтың қатысуымен «Қазақстан жастары – 2020» ұлттық баяндамасының сараптамалық талқылауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

Жанай Омаров Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінің директоры болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінің директоры қызметіне Жанай Сейітжанұлы Омаров тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат аталмыш ведомоствоның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңатас қаласында 180 пәтерлі екі тұрғын үй пайдалануға берілді
ЖАҢАТАС. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Жаңатас қаласында көптен бері жарамсыз, бос-қаңырап тұрған 180 пәтерлі көпқабатты екі үй қайта жаңғыртудан өтіп, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Берлин еуразиялық клубы алаңында «жасыл экономика» саласындағы ынтымақтастық талқыланды
БЕРЛИН. ҚазАқпарат - Германияға сапары шеңберінде Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Марғұлан Баймұхан бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат сыртқы саясат ведомоствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті климаттық амбициялар туралы Саммитте бейне үндеу жасайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Климат жөніндегі Париж келісімінің қабылданғанына 5 жыл толуына арналған климаттық амбициялар туралы Саммитте бейне үндеу жасайды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ағылшын сарапшысы Бозжыра туристік кешенін салуға байланысты пікір білдірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Англияның қала құрылысы корольдік институтының мүшесі, «Urban Living» ЖШС плацкэйминг директоры Рикардо Марини Бозжыра шатқалындағы туристік кешеннің құрылысы туралы пікір айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс туралы заңға өзгерістер енгізілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Ақтоты Райымқұлова Бозжыра шатқалындағы қонақүй кешені туралы пікір білдірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ержан Еркінбаевпен бірге Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды.

Коронавирустың ауыр немесе жеңіл өтуіне ықпал ететін гендер табылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- COVID-19 вирусының ауыр немесе жеңіл өтуіне ықпал ететін ген анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметтеріне сілтеме жасап.

Асқар Мамин Нұр-Cұлтан қаласындағы үй құрылысы комбинатының ашылуына қатысты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласында ModeX үй құрылысы комбинатының автоматтандырылған конвейерлік желісінің ресми ашылуына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Балалалар арасында кавасакиге ұқсас синдром ауруы артуы мүмкін - дәрігер пікірі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Балалалар арасында кавасакиге ұқсас синдром ауруы артуы мүмкін. Мұндай пікірді «Астана медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы балалар инфекциялық аурулары кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Динагүл Баешева білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада 4 томдық «Қазақтың жалпы тарихы» кітабының тұсаукесері өтті
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – Елордада қытай тарихшысы Су Бэйхайдың «Қазақтың жалпы тарихы» атты 4 томдық еңбегінің қазақша басылымының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Арыс маңындағы қыстаудан жоғалып кеткен балалар табылды - полиция
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысына қарасты Арыс қаласының маңындағы ауылдардың бірінің қыстауынан жоғалып кеткен ағайынды балалар табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметін сілтеме жасап.

Қазақстан мен Словакия су ресурстары саласында ынтымақтастық орнатты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Братиславада Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Словакияның Қоршаған ортаны қорғау министрлігі арасындағы «Су ресурстары саласындағы өзара түсіністік бойынша ынтымақтастық туралы» меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Жамбыл облысында асарлатып үй салу жобасы аясында 60 отбасы баспаналы болды
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен кеңес өтті, онда бірқатар басқарма басшыларының идеологиялық салада атқарылған жұмыстар туралы есептері тыңдалды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
COVID-19: Карантин талаптары жеңілдетілген аймақтар бар
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің аймақтарында карантин талаптары жеңілдетіле бастады. Елорда мен Алматы қаласындағы шектеу шаралары әлі де күшейтіле түсетін сияқты. Өйткені, короновирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны төмендемей тұр. Осы және өзге де аймақтардағы ахуалға қысқаша шолу жасап көрейік.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай