
СҚО-да 40 шақты адам мәжбүрлі түрде маскүнемдік пен нашақорлықтан емделуге жіберілді
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер жыл басынан 36 адамды орталыққа маскүнемдік пен нашақорлықтан емделуге мәжбүрлеп орналастырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11 адамға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанайда тегін спорт секцияларына жарты миллиард теңге бөлінеді
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат — Қостанайлық балалар арасында шахмат, бокс және футбол ең танымал тегін спорт секцияларына айналды. Биыл Қостанай облысында тегін секциялар ұйымдастыру үшін 500 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Республикалық маңызы бар жолдардың 30 426 шақырымына жол белгілері орнатылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл республикалық маңызы бар жолдардың 473 мың шаршы метр аумағында жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр. Жұмыстар жол төсемін қалпына келтіру және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді-мақсатты бағдарлама шеңберінде жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Конституцияның 30-дан астам бабына түзету енгізіліп, 20-дан астам заң қабылданады - депутат
НҰР-СҰЛТАН. ҚаазАқпарат – Конституцияның 30-дан астам бабына түзетулер енгізіліп 20-дан астам заң қабылданады. Бұл туралы Қарасай аудандық ауруханасының қызметкерлерімен кездесуі кезінде сенатор Жанболат Жөргенбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президентінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бірікке Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Наһаянның қайтыс болуына байланысты Тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға және шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға көңіл айтты.

Қазақстан мен Тәжікстан сенаторлары су мәселесін талқылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Тәжікстан Республикасына ресми сапары аясында ҚР Парламенті Сенаты мен Тәжікстан Республикасы Оли Мажлисінің Милли Мажлисі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комиссияның алғашқы отырысы өтті.

Елордада есірткі айналымына қатысты 17 қылмыстық іс сотқа жіберілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында синтетикалық есірткі айналымымен күрес түйткілді мәселелердің бірі болып отыр. Бұл туралы қалалық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Ерлан Ақбаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазығұртта 2 әйел жергілікті тұрғынды тапа-тал түсте тонаған
ҚАЗЫҒҰРТ. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Қазығұрт ауданында бейтаныс 2 әйел жергілікті тұрғынның басын айналдырып, алтындары мен ақшасын алып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада 1 мыңнан астам пациент есірткіге тәуелділіктен емделіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы медициналық орталықта 1189 адам есірткіге құмарлықтан арылу үшін ем алып жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Досмырзаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қате қаңтарылған көліктерді автоматты түрде анықтау жүйесі аулаларды қамтымайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы қате қаңтарылған көліктерді автоматты түрде анықтау жүйесі аулаларды қамтымайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күн сайын елорда дәріханаларында есірткі тектес 1 мыңнан астам дәрі-дәрмек сатылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда дәріханаларынан есірткіге тәуелділікті тудыратын препараттардың көбісін рецептісіз алуға болады. Сонымен қатар дәрі-дәрмекті кішкентай балаға дейін еркін сатып алады екен. Аталған мәселені Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда оқушы зорланған жекеменшік мектеп жұмысынан бірқатар кемшілік анықталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігі Алматыдағы оқушы зорланған жекеменшік мектептің жұмысына тексеру жүргізіп, бірқатар кемшілікті анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР БҒМ Балалардың құқығын қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметінен кетеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Мемлекеттік қызмет істері департаментіндегі Әдеп жөніндегі кеңес Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағалиді қызметінен босату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шуда 9 жасар екі баланы зорлады деген күдікті мешіт қызметкері емес – ҚМДБ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында екі жеткіншекке жыныстық зорлық-зомбылық көрсетті деген айыппын ұсталған күдіктінің мешіт қызметіне қатысы жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік сатып алуда бағаны негізсіз көтерген шенеуніктерді жазалау ұсынылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік сатып алуда негізсіз қымбат бағаларға тексеру жүргізіліп, 5 млрд теңге үнемделді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Барлық балабақша тәрбиешілеріне жеңілдікпен үй алу мүмкіндігін беру ұсынылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жекеменшік балабақшалардың тәрбиешілеріне де жеңілдікпен баспана алу мүмкіндігін беру керек. Бұл туралы Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығының төрағасы Лейла Күленова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай