
Екібастұзда ақындар айтысы өтті
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - Екібастұз қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, «Атамұра» мәдениет орталығы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз елім – тағдырым менің» атты телевизиялық аймақтық ақындар айтысын ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Халық партиясы шың басында ерекше шара өткізді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Бүгін, 13 желтоқсанда Қазақстан Халық партиясы Алматы қалалық филиалы мен «Киров» әскери-патриоттық клубының өкілдері оңтүстік астананың маңындағы тауларда үгіт-насихат шарасын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚХП Алматы қалалық комитетіне сілтеме жасап.

Жүкті әйелдер карантин шараларын екі есе көбірек ұстануы керек – Дәрігер кеңесі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин жүкті әйелдерге коронавирустан қорғану туралы кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

АҚШ-та митингке қатысушылар арасында атыс болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенбі күні Американың Вашингтон штатындағы Олимпия қаласында өткен митинг кезінде Днальд Трамптың жақтастары мен қарсыластарының арасында атыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, бір адам жарақаттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Seattle Times газетіне сілтеме жасап.

Павлодарда көтерме-бөлшек сауда дүкеніндегі өрт сөндірілді
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - 13 желтоқсанда сағат 13.30-да 101 пультіне Павлодардағы «Ласточка» көтерме-бөлшек сауда дүкенінде, бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас бір қабатты ғимаратта өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Головкин-Шеремета жекпе-жегі өтетін уақыт белгілі болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 18 желтоқсан күні (Қазақстанда – 19 желтоқсан таңында) Голливудта (АҚШ, Флорида штаты) қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен Польша боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) арасында IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының титулы үшін жекпе-жек өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақорда ҚР Президентінің климаттық амбициялар туралы Саммиттіндегі бейне үндеуін жариялады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақорданың Facebook-тегі парақшасында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Климат жөніндегі Париж келісімінің қабылданғанына 5 жыл толуына арналған климаттық амбициялар туралы Саммиттінде жасаған бейне үндеуі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда соңғы үш айда әлі қатып үлгермеген мұз астына 5 бала түсіп кеткен
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері су қоймаларында азаматтарды (әсіресе балықшыларды) қауіпті жағдайдан сақтандыруға бағытталған рейд шараларын жүргізіп, балық аулаған кездегі қауіпсіздік ережелері жазылған жадынамаларды таратуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында өрттен 4 адам қаза болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 05.40-та төтенше жағдайлар қызметіне Алматы облысы Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Бұл туралы ҚазАқпаратқа ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті.

Елді мекендердің электронды карталары қалай жасалады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елді мекендердің жер үсті және жер асты коммуникацияларын түгендеу және цифрландыру, аумақтың сандық жоспарларын құру мемлекеттік қала құрылысы кадастрының базалық деңгейіне ену үшін жүзеге асырылады. Бұл туралы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай