
Айжан Есмағамбетова қысқа мерзімде бірнеше өңірдің қалай «қызыл» аймаққа өткенін түсіндірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова Қазақстанның өңірлері коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа неліктен көшіп жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Берік Уәли: Бейбіт демонстрацияға қатысушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураға «Қасіретті қаңтар» оқиғасына қатысып, әртүрлі құқық бұзушылық бойынша ұсталған азаматтардың кінәсінің деңгейін анықтауды тапсырды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парашасында жазды.

Астаналықтар коронавирус белгілері байқалса қайда хабарласуы керек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада коронавирус инфекциясы мәселелері бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарының жанынан азаматтарға арналған call-орталық құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада мобильді бригадалар тәулік бойы жұмыс істеуге көшті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан қаласының медициналық мобильді топ қызметі тәулік бойы жұмыс режиміне көшті. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова штаб отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Адам құқығы жөніндегі омбудсмен митингтен кейін ұсталғандар отырған изоляторға барды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова және Ұлттық алдын алу тетігі мен ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қатысушылары жаппай тәртіпсіздіктерден кейін ұсталған азаматтар отырған Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторларында болды.

Ақтөбе полициясы неліктен журналистерден түсініктеме алғанын түсіндірді
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде бес журналист полиция департаментіне шақырылып, олардан жауап алынды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бәрі куәгер ретінде шақырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында 17 қаңтардан бастап карантин күшейтіледі
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында 17 қаңтардан бастап санитарлық-карантиндік режим күшейтіледі. Коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуіне және өңірдің «қызыл» аймаққа кіруіне байланысты қосымша шаралар енгізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент Жарлығымен әскери қызметші Сәндібек Қайыров «Айбын» орденімен марапатталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қорғаныс министрлігі 32363 әскери бөлімі командирінің орынбасары (марқұм) Сәндібек Қайыров ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Еріктілер 10 қарағандылық отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы еріктілерінің фронт-кеңсесі самбо федерациясының құрметті президенті Данияр Қалымбетовпен бірге мұқтаж жандарға азық-түлік тарату бойынша қайырымдылық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Антқа деген адалдық: Ақтөбеде әскеридің әрекеті жұртты тәнті етті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде жаппай тәртіпсіздіктер барысында белсенділердің өз қызметін атқарып тұрған сарбазды үгіттеп жатқаны туралы видео тарады. Әлгі видеода Ұлттық ұлан сарбазының үгітке көнбей, антына берік болғаны көрсетілген. Жұртты тәнті еткен бұл әскери - ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы 6655-әскери бөлімінде лейтенант Ұлан Мырзабай, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Ұлттық банкі кадр резервіне өтінімдерді қабылдау мерзімін ұзартады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Ұлттық банкі кадр резервіне үміткерлерді іріктеу аясында өтінімдерді қабылдау мерзімін 2022 жылғы 19 ақпанға дейін ұзартады. Бұл туралы ҰБ-ның баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Прокуратура LRT ісіндегі негізгі күдіктілерді тергеуге шақырту туралы ақпар жариялады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының ведомствоаралық жедел тергеу тобы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қ.Т. Сұлтанбековке, «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы болған Т.Н. Арданға және басқа да тұлғаларға қатысты «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі» LRT, BRT/ITS жобасын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кірістер комитеті: Сыртқы экономикалық қызмет тауарлары номенклатурасының кодтары жаңартылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 13 қаңтарда «Электронды шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасы кодтарының сабақтастығы тетіктерін пысықтау бөлігінде жүйені жаңарту жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Салық есептілігінің ұсыну мерзімін қалай ұзартуға болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Электронды нысанда ұсынылған жағдайда салық есептілігінің ұсыну мерзімін ұзартуға болады. Ол үшін тиісті хабарламаны қағаз немесе электронды түрде тіркелген жері бойынша мемлекеттік кірістер органына жіберу қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Қаза болған әскери қызметші Ғабдолла Смайылқановтың отбасына награда табысталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Талдықорғандағы авиабазаның келісім шарт бойынша әскери қызметшісі ефрейтор Ғабдолла Смайылқановқа ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Орден марқұмның әкесі Ғалым Азанбековке табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме асап..

Риддер әкімдігі газдың литрі 120 теңге тұратындығы жайлы ақпаратты жоққа шығарды
РИДДЕР. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде Риддер қаласында сұйытылған газдың бағасы литріне 120 теңгені құрайтыны туралы бейнеролик таратылуда. Риддер әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат StopFake.kz сайтына сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай