
Қырғызстанда президент міндеттерін атқарушы ауысты
БІШКЕК. КАБАР – ҚазАқпарат – Садыр Жапаровтың кандидатурасының Қырғызстан президенті лауазымына ұсынылуына және президент міндеттерін атқару өкілеттілігінің тоқтатылуына байланысты, Конституцияға сәйкес ел президенті міндетін атқарушының өкілеттіктері Жогорку Кенеш төрағасы Талант Мамытовқа өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат КАБАР агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Абайда пульмопровизорлық госпиталь жөнделді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Абай ауданында Жұмыспен қамту жол картасы бойынша жалпы сомасы миллиард теңгеден асатын 42 инфрақұрылымдық жоба іске асырылды. 349 жұмыс орны құрылды. Жолдар мен әлеуметтік нысандар ретке келтіріліп, саябақтар мен гүлзарлар абаттандырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа қаулы: Нұр-Сұлтанның мектептерінде екінші тоқсанда оқу ережелеріне өзгеріс енгізілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 24 қазандағы № 245 қаулысына өзгерістерді енгізу туралы жаңа қаулы шықты. Құжатқа сәйкес екінші тоқсаннан бастап жалпы білім беретін мектептерде 5 сынып, ал халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейінгі оқушылар үшін офлайн режимде оқитын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Димаш Құдайберген өзінің балалық шағы туралы айтып берді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресейлік МУЗ-ТВ арнасының директоры Арман Дәулетияровтың әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергенмен сұхбаты жарияланды. Қазақ әншісі бала кезде арманы қандай болғанын, бозбала шағында неге қызыққанын, алғашқы табысын қашан тапқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жапонияда үшінші күн қатарынан коронавирус жұқтырудың рекордтық көрсеткіші тіркелді
ТОКИО. KYODO NEWS – ҚазАқпарат – Сенбі күні Жапонияда бір күнде жаңа 1731 коронавирус жұқтырудың жағдайы тіркелді. Айта кетсек, рекордтық көрсеткіш үш күн қатарынан қайталанып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат KYODO NEWS агенттігіне сілтеме жасап.

Еліміздегі 191 науқастың жағдайы нашар
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Отбасымыз, ағайын-туысымыз, бала-шағамыз аман болсын десек, сақтық шараларына бей-жай қарамағанымыз абзал. Шет елдерден келетін азаматтарымызды қатаң бақылауға алған дұрыс. Өйткені, АҚШ пен Еуропа елдерінде эпидемиологиялық ахуал ушығып тұр. Осы аптада еліміздегі жағдай қалай болғанын бір шолып көрген едік.

Қазпошта мен Қазақфильм жаңа пошталық марка шығарды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Қазақ киносының алтын қоры» пошталық маркасының топтамасынан «Атаманның ақыры» көркем фильміне 50 жыл» атты пошта маркасын айналымға енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада көшелерді қардан тазарту қалай жүргізіледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада қар шығару үшін 11 полигон ашық. Полигондарда мамандар КамАздардың келу уақытын, қар салмағын және т.б. белгілейді. 13 қараша күні коммуналдық қызметтер 30 мың текше метрге жуық қар шығарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Коронавирус: Италияда бір тәулікте 550 адам көз жұмды
РИМ. ANSA - ҚазАқпарат – Италияның Денсаулық сақтау министрлігі кейінгі тәулікте 40 902 адамның коронавирус жұқтыру оқиғасы анықталғанын мәлімдеді. Бұл пандемия басталғалы тіркелген тәуліктік ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды ҚазАқпарат ANSA агенттігіне сілтеме жасап.

Коронавирустан сауығып шығып, маска тақпай жүрген адамдар қауіпті – дәрігер
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейдің еңбек сіңірген дәрігері, пульмонолог Александр Карабиненко COVID-19 ең қауіпті тасымалдаушыларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы ВАК жұмысы туралы телеграм каналға сілтеме жасап хабарлайды.

Елордада бірнеше жыл ішінде 35 мың пәтерлік тұрғын үй кешендері салынады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин елорданың жаңа шағын ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан әлеуметтік тұрғын үй құрылысының барысын тексерді. Бұл туралы ҚазАқпарат Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған попурри ән шықты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Келесі жылы Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 30 жыл толады. Халқымыз үшін қасиетті де киелі мерекеге байланысты «Спарта» КТК командасының капитаны Данияр Жұмаділов 1991-2020 жылдар аралығында шырқалған айтулы 30 әнді бір әнге біріктіріп, көптің назарына ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коронавирус созылмалы ауруларды қоздырады – эндокринолог
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің денсаулық сақтау саясаты және алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту бөлімінің бастығы, медицина ғылымдарының кандидаты, эндокринолог– дәрігер Ержан Өтеулиев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында коронавирус инфекциясының қауіпі мен өзін-өзі емдеудің салдары туралы айтып берді.

Қазақстан мен Беларусь арасындағы көші-қон туралы келісім ратификацияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Британдық бокс шолушысы Тұрсынбай Құлахметке жоғары баға берді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Британдық бокс шолушысы әрі BoxRec.com порталының редакторы Хэйдн Уильямс қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахметтің (2-0, 1 КО) соңғы жекпе-жегіне пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай