Дариядағы су Қызылордаға қауіп төндіріп тұрған жоқ
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Соңғы күндері республикалық кейбір ақпарат агенттіктерінде Сырдария өзенінің деңгейі көтеріліп, Қызылорда қаласын су алу қаупі туындап тұрғанын хабарлаған еді. Жергілікті мамандар журналистерге бұл ақпарат негізсіз екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Біржан Нұрымбетов Түркістандағы жәрдемақылардың берілу барысымен танысты
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов алдымен Түркістан және Кентау қалалық жұмыспен қамту орталығына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШЫҰ Үкімет басшыларының отырысы алғаш рет Үндістанда өтеді
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Шанхай ынтымақтастығы ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің Үкімет басшыларының отырысы биылғы күзде алғаш рет Үндістанда өтеді. Бұл туралы бүгін Нью-Делиде өткен «Райсин диалогы» халықаралық конференциясында ШЫҰ-ның Бас хатшысы Владимир Норов мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Ресейде Қазақстан азаматының паспортын рәсімдеу мерзімі қысқарды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Мәскеудегі елшілігінің консулдық бөлімінде Қазақстан азаматының паспортын рәсімдеу мерзімі 80 күннен 10 күнге дейін қысқартылды. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қызылордада аудан тұрғындары көпірден өтуге қорқады
ЖАҢАҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Сенат депутаттары Мұрат Бақтиярұлы мен Бекмырза Еламанов Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында Жаңақорған ауданындағы Сұңқат және Төменарық ауылдарында жергілікті халықпен, аудандық мекемелердің басшыларымен және ардагерлер кеңесінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

РФ Президенті Владимир Путин Дмитрий Медведевке жаңа қызмет ұсынды
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Ресей Президенті Владимир Путин РФ Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары жаңа лауазымын енгізіп, оған Министрлер кабинетінің бұрынғы басшысы Дмитрий Медведевті тағайындауды ұсынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Дмитрий Баландин Қытайда екінші «қола» иеленді
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қазақстандық Дмитрий Баландин Қытайдың Шеньчжэнь қаласында өтіп жатқан Champion Swim Series турнирінің екінші жарыс күнінде брасс әдісімен 200 метрге жүзуде 2:13.58 нәтиже көрсетіп, үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Армения, Қырғыз нөмерлі көліктер тіркелмесе қандай жаза тағайындалады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Армения, Қырғыз Республикасы, РФ-дан әкелінген көліктерді Қазақстанда уақтылы тіркемеген жағдайда қандай жауапкершілік қарастырылған? Бұл сұраққа ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілі Ақтоты Боранова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

РФ Президенті Владимир Путин Конституцияға өзгеріс енгізуді ұсынды
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – РФ Федералды жиналысына жолдау жасаған Ресей Президенті Владимир Путин ел Конституциясына ұсынылған өзгерістер пакеті бойынша мемлекет азаматтарының дауыс беруін өткізу бастамасын көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шетелдік нөмірі бар автомобильдермен 1800 көлік оқиғасы тіркелді - ІІМ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылы бейнебақылау камераларының көмегімен шетелдік нөмірмен жүретін көліктердің қатысуымен 90 мыңға тарта бұзушылық тіркелген. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Юрий Козлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістанда 6 мыңға жуық пәтер пайдалануға берілді
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Өткен жылы Түркістан облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспары 550,6 мың шаршы метр болып белгіленсе, жыл қорытындысымен 620,4 мың шаршы метр тұрғын үй, яғни 5846 пәтер ел игілігіне берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Президенті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының атқарушы хатшысын қабылдады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының атқарушы хатшысы Джанлука Эспозитоны қабылдады. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Азаматтарға жаппай кезекке тұрудың қажеті жоқ, әлі жарты ай уақыт бар – министр АӘК туралы
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов азаматтардың атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) жөніндегі өтініштерімен тағайындау барысымен танысу мақсатында Түркістан облысына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомоствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

Кадрлық резервпен кездесу: Президентке балаларды қорғау жүйесін өзгерту ұсынылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның балалар құқығын қорғау жүйесіне бірқатар өзгеріс енгізу қажет. Бұл туралы бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттік кадр резервіне енген жастармен кездесуінде «Өскемен қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қамқоршылық және қорғаншылық органы, балалардың құқықтарын қорғау секторының меңгерушісі Юлия Овечкина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан құрғақшылық салдарынан жыл сайын 93 млрд теңге жоғалтады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан жыл сайын құрғақшылық салдарынан 93 млрд теңге жоғалтады. Бұл туралы бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттік кадр резервіне енген жастармен кездесуінде Жапония ұлттық саяси зерттеулер институтының PhD докторанты Зүлфия Сүлейменова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кадр резервіне енген жастарды 300 спартандықпен теңестіріп жатады - агенттік басшысы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президенттік кадр резервіне кірген жастар лауазымға тағайындалмай тұрып, арнайы әзірленген бағдарламамен білімдерін жетілдіреді. Бұл туралы бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттік кадр резервіне енген жастармен кездесуінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Депутаттар сот-медициналық сараптама саласына қатысты ұсыныс айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттар сот-медициналық сараптама саласындағы кемшіліктерді айтты. Осы орайда Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

АҚШ-та ұшақтан мектеп аумағына әуе отыны төгіліп, 60 бала зардап шекті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 60 бала мен бірнеше ересек Лос-Анджелес әуежайына апатты жағдайда қонған Boeing 777-200 әуе кемесінен тасталған реактивті отыннан кейін медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай