
Алматы трагедиясы: Нұр-Cұлтаннан 360 доза қан жеткізілген
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елдегі Төтенше жағдай режимі кезінде медициналық авиация резерв үшін Нұр-Сұлтаннан Алматыдағы қан орталығына 360 доза қан жеткізген. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қоғаммен байланыс департаментінің директоры Әсел Артакшинова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Денсаулық сақтау нысандарына 20 шабуыл жасалды – ДСМ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елдегі төтенше жағдай режимі кезінде қайтыс болған 225 адамның 175-і медициналық ұйымдарда көз жұмған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қоғаммен байланыс департаментінің директоры Әсел Артакшинова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандағы Төтенше жағдай: Бас прокуратура оқиғаның толық хронологиясын жариялады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Бас прокуратурасы Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев елде болған тәртіпсіздіктердің толық хронологиясын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО тұрғынының коллекциясында 90-ға жуық өрт сөндіру көлігінің кішірейтілген нұсқасы бар
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл тұрғыны өрт сөндіру көліктерінің 90-ға жуық кішірейтілген нұсқасын жинаған. Оның коллекциясында жергілікті шеберлердің қолынан шыққан машиналар да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан халқына» қорына Президент Әкімшілігінің қызметкерлері 1 күндік жалақысын аударады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры құрылған болатын. Аталған қорға ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері бір күндік жалақысын аудару туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында.

Күшіміз бірлікте: Алматыда күнделікті екі мың адамға тағам дайындалып, таратылуда
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әскери қызметкерлерге, коммуналдық қызметкерлерге және ойран зардаптарын жоюға атсалысушыларға көмектесу үшін еріктілер бастамалары мен қайырымдылық акциялары белсенді түрде жүзеге асуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Токио университетіндегі қабылдау емтиханы алдында бір жасөспірім үш адамға пышақ салған
ТОКИО. Кyodo-ҚазАқпарат -Сенбі күні Токио университетінің жанында жалпыұлттық қабылдау емтихандары алдында екі орта мектеп оқушысы мен бір ер адамды пышақтап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.

СҚО-да колония аумағына бірнеше ұялы телефон кіргізбек болған көлік жүргізушісі ұсталды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысындағы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЕС-164/3 мекемесіне ұялы телефондар мен сим-карталар енгізбек болған көлік жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды Қоғамдық кеңесіің мүшелері көп балалы аналардың сұрақтарына жауап берді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласының Қоғамдық кеңес мүшелері Мемлекетбасшысының бастамаларын қолдау мақсатында Азаматтарды қабылдау өткізді. Қабылдауда көп балалы аналар мен жалғыз басты аналар өздерін толғандырған сұрақтар бойынша кеңес алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ЭКҰ-мен босанған әйел: «Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы ана атану бақыты бұйырды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша тұңғыш нәресте жарық дүние есігін ашты. Шекесі торсықтай ұлдың салмағы - 3661 грамм, бойы - 52 см. Алғаш рет ана атанып отырған Алена Долгих осындай игі бағдарламаның іске асырылуына мұрындық болған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өз алғысын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрлік Алматының бас санитар дәрігерінің орынбасары жасаған мәлімдемеге пікір білдірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылғы 14 қаңтарда «informburo.kz» инстаграм-аккаунтында жарияланған Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары С. Байғабыловтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайрат Шарипбаевтың «QazaqGaz» ҰҚ» АҚ Басқарма төрағасы ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қайрат Шарипбаевтың «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қорының ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарулы Күштерде 23 мыңнан астам адам COVID-19 қарсы қайта вакцина салдырды –ҚР ҚМ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының халыққа ревакцинация науқанын жүргізу жөніндегі тапсырмасы аясында Қазақстанның Қарулы Күштерінде жеке құрамды COVID-19-ға қарсы қайта вакцинациялау жалғасуда. Бүгінгі таңда бұл процедурадан 23 мыңнан астам әскери және азаматтық персонал өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев ұсталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Маңғыстау облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі аумақтық департаментінің жедел-тергеу тобы Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаевты, электрондық сауда алаңдарының басшыларын және Маңғыстау облысындағы сұйытылған мұнай газының бағасын негізсіз көтеруге қатысы бар тұлғаларды ұстады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Елордада акушерлік стационардағы жүкті әйелдердің саны күрт артты – Зайтуна Хамидуллина
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы күндері елордада коронавирустың таралуы күрт артып, эпидемиологиялық жағдай ушығып кетті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігімен қатар, қалалық денсаулық сақтау басқармасы да дабыл қағып жатыр. Осы орайда ҚазАқпарат тілшісі елордадағы эпиджағдай мен вакцинация процесіне қатысты Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас акушер-гинекологы, акушер-гинекологиялық кафедрасының меңгерушісі, жоғары санатты акушер-гинеколог Зайтуна Хамидуллинадан сұрап білген еді.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай