
Еркін күрестен халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы 4 алтын медаль жеңіп алды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Болгарияның София қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында халықаралық турнир өтіп жатыр. Olympic.kz еркін күрестен қазақстандық балуандардың нәтижесін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Украинадағы жағдай әлемдегі азық-түлік тапшылығы қаупін күшейтеді - халықаралық ұйым
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықаралық Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының басшысы Цюй Дунъюй Украинадан тасымалданатын жүктің қысқаруы Африка мен Азиядағы азық-түлік тапшылығы қаупін күшейтетінін ескертті. Бұл туралы ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтары сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Түркі елдері ақпарат агенттіктерінің бірыңғай орталығы құрылмақ
АНКАРА. Анадолы - ҚазАқпарат – Анадолы агенттігі директорлар кеңесінің төрағасы және бас директоры Сердар Карагез Түркі елдері ақпарат агенттіктерінің орталығы туралы айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда Әмірліктер капиталының қатысуымен 276 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда Әмірліктер капиталының қатысуымен 276 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Балалар күніне біржолғы жәрдемақы төленетіні туралы ақпарат жалған - министрлік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға «Kaspi gold» мобильді қосымшасындағы әлеуметтік шот арқылы біржолғы жәрдемақы төленетіні туралы ақпарат жалған. Бұл туралы Еңбек министрлігі хабарлады.

Коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасын алғандар саны 9 млн-нан асты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2022 жылғы 14 мамырда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 492 583 адам, 2-ші компонентін 9 262 039 адам салдырды. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

СҚО-да 31 сотталған пробация қызметінің талаптарын бұзғаны үшін бостандығынан айырылды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында пробация қызметі есепке алынған 25 жасқа дейінгі жігіттерге тергеу изоляторына экскурсия ұйымдастырды. Өйткені тиісті талаптарды орындамағаны үшін тек биыл 31 сотталған түрмеге отырғызылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ашық мемлекетті қалыптастырудың алғышартына куә болып отырмыз – атыраулық депутат
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының қоғамдық ұйымдары мен жұртшылығы ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты өтетін референдумның маңызына қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қытайдың «Шуан Цюсянь-1» ракетасының ұшырылымы сәтсіз аяқталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қытайдың Цзюцюань ғарыш айлағынан ұшырылған «Шуан Цюсянь-1» (Hyperbola-1) коммерциялық зымыран-тасығышының ғарышқа аттануы сәтсіз аяқталды: ұшырылымнан кейін 4 сағаттан соң Синьхуа агенттігі ракетаның жұмысында ақау шыққанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай