
Льюис Хэмилтон «Формула-1» жарысының жеті дүркін чемпионы атанды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Мерседес» командасындағы британдық пилот Льюис Хэмилтон 2020 жылғы «Формула-1» автожарысы бойынша мерзімінен бұрын әлем чемпионы атағын иеленді. Ол Түркиядағы Гран-при бәсекесінде бірінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

Көкшетаудың санитарлық постарында 8 мың көлік тексерілді
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина мен «Ақмола - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Самира Тәйтенова облыс орталығына кіреберістегі санитарлық постардың жұмысын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап.

«Ярыш» – Қазақстандағы түркі тілдес жастардың тұңғыш футбол командасы
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Қазақстан футболының отаны – Семей қаласы екені бұрыннан айтылып келеді. Қасиетті қарт Семейде 1912-1913 жылдары Қазақстан аумағындағы «Нептун», «Олимп», ССК, «Спорт», «Феникс», «Марс» секілді алғашқы футбол командалары пайда болған. Ал солардың арасындағы «Ярыш» - түркі тілдес жастардың тұңғыш футбол командасы болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

COVID-19: Екінші толқынның әлемдегі екпіні
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлем елдерінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны тағы өсті. Әсіресе алпауыт АҚШ пен Еуропа елдерінде карантиндік шаралар барынша күшейтілгенмен, инфекцияның таралуын тоқтату мүмкін болмай тұр. Қауіпті індеттің екінші толқыны екпінін әзір төмендетпейтін сыңайлы. Оны төмендегі шолудың деректерінен байқауға болады.

Учаскелік инспектордың бір күні
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Елдің тыныштығын қамтамасыз етіп, тәртіпті қадағалайтын учаскелік инспекторлардың жүктемесі көп, міндеті ауыр. Құқық қорғау органдарының имиджін халықпен тығыз жұмыс істейтін осы сақшылардың қалыптастыратындығы анық. Бұл ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жұртқа жақын полиция» қағидасы бойынша учаскелік инспекторлардың жұмысын реформалауды тапсырған болатын. Бүгінгі біздің мақаламыз еңбектің жалауын жықпай, тұрғындардың қауіпсіздігін қадағалау үшін алтын уақытын сарп етіп жүрген инспектордың бір күні жайлы болмақ.

Балалардағы кавасакиға ұқсас синдромы неден туындауы мүмкін - дәрігер пікірі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Covid-19 ауруынан кейін баланың бойында кавасакиге ұқсас синдром қайдан пайда болады? Бұл сұраққа «Ұлттық педиатрия және балалар хирургиясы орталығы» АҚ басқарма төрағасы Риза Боранбаева жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны тәулігіне 22 мың адамнан асты
МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат – Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны тәулігіне 22 572-ге артып, жалпы саны 1 925 825-ке жетті. Бұл туралы жексенбі күні журналистерге коронавируспен күрес жедел штабы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Измирдегі зілзала құрбандарының саны 116 адамға жетті
ИЗМИР. АНАДОЛЫ –ҚазАқпарат – Түркияның батысында болған 6,6 балдық жер сілкінісі құрбандарының саны 116 адамға жетті. Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасы (AFAD) мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

БАҚ-тағы сөз мәдениеті: Қазақ тілінің мәйегін қалай қайтарамыз
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кейбір бұқаралық ақпарат құралының сөз мәдениетін сақтамай, ақпарат таратуда тіл тазалығын елемеуі – қазақ тілінің тағы бір өзекті проблемасына айналып барады. Кез келген оқиға орнынан жеткен шұғыл жаңалық 5 минутта ескіріп қалатын заманда, өкінішке қарай, бұл үрдіс одан ары үдей түскен.

Жомарт Қажмұратов: Теңге - әлемдегі ең жақсы қорғалған валюталардың бірі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін - Ұлттық валюта күні. 1993 жылы 15 қарашада Ұлттық валютамыз - теңге айналымға енді. Ал 1997 жылғы 13 қарашада сол кездегі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 15 қараша - Ұлттық валюта күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып бекітілді. Атаулы күнге орай біз осы салада көп жылдар қызмет еткен ҚР Ұлттық банкінің қолма-қол ақша айналымы департаментінің директоры Жомарт Қажмұратовты әңгімеге тартқан едік.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай