
COVID-19: Еуропа елдері шектеу шараларын күшейтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еуропаның бірқатар елі Рождество мен жаңа жыл қарсаңында шектеу шараларын күшейтті. Оған короновирус инфекциясын жұқтыру деректерінің көбеюі себеп болып отыр. Ал, АҚШ бастаған біраз ел короновирусқа қарсы екпе салуды бастап кетті. Осы және өзге де әлемдегі ахуал жөнінде қысқаша шолып өтейік.

Түркістандықтар мемлекеттік марапатқа ие болды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі мен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға мемлекеттік марапатты салтанатты жағдайда табыс етті. «Тұғырлы бол, Тәуелсіздік» іс-шарасында кеудесіне орден-медаль тағылған жандардың арасында елімізге танымал тұлғалар мен қарапайым еңбек адамдары да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирус: Германия Рождествоға дейін вакцинаны сертификаттан өткізбек
БЕРЛИН. ҚазАқпарат – Германия Еуроодақ аумағында Pfizer/BioNTech вакцинасын Рождествоға дейін сертификаттан өткізбек. Германияның денсаулық сақтау министрі бүгін осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі euronews-ке сілтеме жасап.

Ерлан Тұрғымбаев еңбегімен ерекшеленген полицейлерді марапаттады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 44 полицей мемлекеттік наградалармен марапатталды. Оларға II дәрежелі «Айбын» ордендері, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдары және Құрмет грамоталары табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанайлық полицейлер коронавирустан көз жұмған әріптесінің ұлына медаль тапсырды
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Облыстық полиция департаментінің басшылығы қызметтік борышын орындау кезінде коронавирус инфекциясынан қайтыс болған әріптесі Оразгүл Әбдікәрімоваға тиесілі «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалін оның ұлына тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Головкин Роналдуға бокстың қыр-сырын үйретті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин әйгілі португалиялық футболшы Криштиану Роналдуға бокстың қыр-сырын үйретті. Әлемге әйгілі спортшылардың бірлескен жаттығуы түсірілген видеоүзіндіні боксшы өз Instagram-парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа қаулы: Ақмола облысында базарлар мереке күндері жұмыс істейді
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын одан әрі күшейту туралы» Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 26 қарашадағы қаулысына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осыған сәйкес, жеке тұрған азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысына рұқсат етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

150-дей атыраулық отбасы баспаналы болды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Тәуелсіздік күні қарсаңында Атырау қаласының Береке шағын ауданда салынған үйлердің пәтер кілттері табыс етілді. Іс-шараға облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысып, тұрғындарды қоныс тойымен құттықтады, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Елордадағы профи-бокс кеші: Айдос Ербосынұлы салмақ өлшеу рәсімінен өтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Екінші орта салмақтағы WBC Asia, WBO Global және WBA International чемпионы, қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (14-0, 9 КО) ганалық Исаха Самирге (19-0, 16 КО) қарсы жекпе-жектің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылануда
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында карантиндік шаралар кезінде кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар мен өңірдегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тақырыбында брифинг өтті. Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұрбақыт Иманқұлов өңірде азық-түлік тапшылығы мен бағаның негізсіз өсуі байқалмайтынын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жусан» операциясы: АҚШ Конгресінің мүшелеріне арналған вебинар өтті
НҰР-СҰЛТАН-ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – АҚШ Конгресінің мүшелері мен қызметкерлері үшін азаматтарды әскери қақтығыстар аймақтарынан қайтару және оңалтуға бағытталған қазақстандық «Жусан» операциясына арналған вебинар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Азат Перуашев Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісімен кездесті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев пен Парламент мәжілісі депутаттығынан үміткер Дания Еспаева Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Свен-Олов Карлссонмен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Медициналық қызмет алу үшін МӘМС аясындағы негізгі қадамдар қандай
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысты адамдардың біразы сауалдар қойып жатыр. Осы орайда МӘМС-тің міндетті төлемі кімге керек? Төлем уақытылы жасалмаса айыппұл мен өсімпұл қарастырылған ба? Бұл сұрақтарға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ департаменті директоры Забира Оразалиева жауап берді.

ҚР Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының отырысы өтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен бейнеконференция байланысы режимінде ҚР Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

БҰҰ ДБ жаңа баяндамасы: Қазақстан адами дамуының деңгейі өте жоғары мемлекеттер санатында тұр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Адами даму индексінде өз орнын сақтап қалды және 189 мемлекет пен аумақтар ішінде 51-ші орынды иеленіп, адами дамуының деңгейі өте жоғары мемлекеттер санатында тұр. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) жаңа баяндамасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жас кандидаттар акция аясында белсенді
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау халқын «Nur Otan» партиясының қызметімен, болашақ жоспарлы жұмыстарымен толыққанды хабардар ету үшін «Есіктен-есікке» акциясы аясында облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Абылай Фазылбек пен Ербол Мұқашев Ақтау қаласының көппәтерлі тұрғын үйлерінде болды.

Мемлекет басшысы: Тәуелсіздіктің 30 жылдығын нақты істермен және жаңа жобалармен қарсы аламыз
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы маңызды датасын нақты істермен және жаңа жобалармен қарсы аламыз. Бұл туралы Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен Мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағандылықтарға Тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекеттік наградалар табыс етілді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күніне орай Қарағанды өңірінің 57 тұрғыны Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік наградаларға ие болды. Марапаттау шаралары облыс әкімдігінде және С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдағы сайлау қоғамның саяси сауатты екенін көрсететініне сенімдімін - Президент
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлау өткізу еліміз үшін келесі жылдың маңызды оқиғасы болмақ. Бұл туралы Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен Мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көппен бірге коньки тепкен адамдарға коронавирустың жұғу ықтималдығы қандай
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жұмыс орнындағы азаматтардың бірінен коронавирус анықталған жағдайда не істеу керек? Көппен бірге коньки тепкен адамдарға коронавирустың жұғу ықтималдығы қандай? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында бұл сұрақтарға ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай