
Бурабайдағы алтын өндіру зауыты бір мыңға жуық адамды жұмыспен қамтитын болады
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Бурабай ауданында салынып жатқан жаңа алтын өндіру фабрикасы бір мыңға жуық адамды жұмыспен қамтитын болады. Бұл туралы журналистермен брифинг өткізген ауданы әкімі Әсет Мұздыбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

COVID-19: Шетелдік инвесторлар Қазақстанға қалай көмектесті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемді әбігерге салған COVID-19 коронавирус инфекциясы бірқатар салаға ауыр соққы болып тиді. Жыл басынан бері тұралап қалған жұмыс жетерлік. Дегенмен, ел басына күн туғанда жәрдем беруге асыққан кәсіпкерлер мен компаниялар да аз емес. Осы орайда ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі Қазақстандағы түрлі салаларға көмек ұсынған компаниялар тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыдағы әлеуметтік мәселені шешу үшін 2023 жылға дейінгі жоспар әзірленеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ХІІ Азаматтық форумының панельдік сессиясында әкімшілік пен азаматтық қоғам арасындағы диалог алаңын дамыту мәселелері талқыланды. Қала әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров үш панельдік сессияның жұмысына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

Коронавирус: Сайлау науқанында қандай сақтық шаралары қабылданады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің жоғары заң шығарушы органының төменгі палатасы - Мәжіліс пен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау жақындай түсуде. Осыған орай жұртшылықты саяси науқан кезеңінде әлемді әбігерге салып отырған коронавирустан сақтану шаралары алаңдатып отырғаны белгілі. Иә, індеттің беті қайтар емес. Алыс-берісіміз жақын көрші Ресейдің өзінде бір күнде 20 мыңнан астам адамнан вирус анықталып отыр. Елімізде де тәулік ішінде 588 адамның коронавирусқа шалдыққаны белгілі. Міне, осындай жағдайда қалаған кандидатына дауыс беруге ниетті сайлаушының көңілінде күдік ұялайтындығы анық.

Коронавирус: Әлемде 42 вакцина клиникалық сынақтан өтіп жатыр, оның бесеуі - қазақстандық
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бүгінгі өткен коронавируспен күрес шаралары туралы кеңесте тұмауға қарсы вакциналау жұмысы қалай жүріп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан «сары аймақта» тұр - Денсаулық сақтау министрі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мәселелері жөнінде кеңес өтті. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай мен қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирусқа қарсы шаралар жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мүшелерімен, бірқатар орган басшыларымен, қалалар мен облыстардың әкімдерімен видеоконференция режимінде кеңес өткізді. ҚазАқпарат Мемлекет басшысының аталған кеңесте сөйлеген сөзінің толық мәтінін жариялайды.

Үкіметтің алдында тұрған міндет – отандық вакцинаны ешбір кедергісіз өндіріске енгізу - Тоқаев
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде кеңесте отандық вакцинаны ешбір кедергісіз өндіріске енгізуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Коронавируспен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеу жалғасады - Президент
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде кеңесте мемлекет тарапынан коронавируспен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеу жалғасатынын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Бірқатар өңірде коронавирустың жаңа жағдайларын жасыру дерегі анықталды - Тоқаев
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кей өңірлерде коронавирус жұқтыру фактілерін жасыру жағдайлары кездескен. Бұл жөнінде коронавирус індетінің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президент фармацевтикалық бизнестегі картельдерді әшкерелеуді тапсырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде кеңесте дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселесіне егжей-тегжейлі тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Бакуде халықаралық заманауи өнер фестивалі өтеді
БАКУ. ҚазАқпарат – Әзербайжан астанасы Баку қаласында Әзербайжандағы Латвия Елшілігінің қолдауымен Халықаралық заманауи өнер фестивалі өтеді. «Қыз мұнарасы. Әйел болу – әйелдер әлем үшін» тақырыбымен өтетін фестиваль 16-24 қараша аралығында Еуропалық Одақ өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат АЗЕРТАДЖ агенттігіне сілтеме жасап.

Елордада 1 мың қауіпсіздікті бақылау камерасы орнатылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қауіпсіз аула» пилоттық жобасы аясында қосымша бейнебақылау камерасын орнату басталады. Алдағы уақытта қаланың халық тығыз орналасқан аудандарында 1 мың камера орнатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

ҚР Президенті мемлекеттік шекараны күзету және ұлттық қауіпсіздік туралы заңға қол қойды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды, деп хабарланды Ақорда сайтында.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай