
Отырар ауданында үш елді мекенге көгілдір отын тартылды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Отырар ауданындағы Жаңа Шілік, Ескі Шілік, Ақтөбе елдімекендеріне табиғи газ берілді. ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында Жаңа Шілік ауылында өткен тарихи шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әлімжан Құртаев пен аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов қатысып, тұрғындардың қуанышына ортақтасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл соңына дейін 100 мыңнан астам алматылық салыққа рақымшылықты пайдалана алады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті мүлік, жер, көлік құралдары салығы бойынша берешегі бар азаматтарды жыл соңына дейін өсімпұлсыз қарызын өтеу мүмкіндігін пайдалануға шақырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәуелсіздік құрдасы – полиция инспекторы бұл мамандықты таңдағанына өкінбейді
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Тәуелсіздіктің құрдасы – учаскелік полиция инспекторы халық көп шоғырланған Петропавл вокзалы маңында жұмыс істейді. Заманауи жабдықтармен жарақтандырылған оның бүгінде жұмысы біршама жеңілдеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таразда кандидаттар белсенділермен бас қосты
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Бүгін «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық сайлауалды штабының мүшелері шаһардағы «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қойып, азаттық жолында жанын пида еткен ерлердің рухына тағзым етті. Сонымен қатар партиялық тізім бойынша Қазақстан Республикасының Мәжілісінің және қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар жұртшылықпен жүздесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында партияның Сайлауалды бағдарламасы туралы жан-жақты мәлімет беріліп, алдағы сайлаудың мән-маңызы туралы айтылды.

Қазақстан өзінің тарихи жерінде қазақ мемлекеттілігін жаңғыртты - сенатор
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан өзінің тарихи жерінде жаңа үлгідегі қазақ мемлекеттілігін жаңғыртып, əлемде толыққанды мемлекет ретінде өмір сүруге қажетті барлық құрылымдар мен мүмкіндіктерге ие болды. Мұндай пікірді ҚР Парламент Сенатының депутаты Дүйсенғазы Мусин білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы инаугурациясы қалай өтті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 16-17 желтоқсанда Қазақстанда басты мереке - Тәуелсіздік күні аталып өтеді. «Мемлекеттің тәуелсіздігі мен егемендігі туралы» заң 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінде қабылданды. Бұл іс-шара сол күні бұқаралық ақпарат құралдарында қалай көрсетілген және Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы инаугурациясы қалай өткенін «ҚазАқпарат» ХАА бұрынғы және қазіргі тілшілері еске түсірді.

«Көк тудың желбірегені» әнінің сөзі Қорғас шекарасында жазылған - Алмас Ахметбек
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –«Көк тудың желбірегені» әні - жанды тебірентіп, рухты оятатын нағыз патриоттық ән. Ол арнайы тапсырыспен жазылған ән емес. Ол атамекенге деген ыстық сағыныш пен бойдағы елжандылықтан туған дүние. Тарихи отанына жете алмай жүрген өзге елдердегі қазақ бауырлардың жүрегінің лүпілі. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне әнің сөзін жазған ақын Алмас Ахметбек айтты.

«Болашақ» студенттері Тәуелсіздік күнін қалай тойлайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет атанғанына 29 жыл толды. Тәуелсіздіктің ең басты жетістіктерінің бірі – жастарды әлемнің үздік университеттерінде оқытатын «Болашақ» стипендиясы. Осылайша Қазақстан өз болашағын білімді жастармен байланыстыратынын көрсетті.

Түркістанда Балаларды оңалту орталығы ашылды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жаңадан ашылған сауықтыру орталығының тұсауын кесіп, Елбасының дарынды жастарды анықтау және қолдау бойынша «Ел үміті» бастамасының жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай