
Шымкентте карантин талаптарын бұзғандарға 3 млн теңге айыппұл салынды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласында 58 рейдтік тексерулер жүргізіліп, 1 179 объект мониторингпен қамтылды. Бұл туралы ҚазАқпарат ВАК жұмысы туралы телеграм каналға сілтеме жасап хабарлайды.

Қостанай облысында 5-11 сынып оқушылары қашықтан білім алады
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысындағы санитарлық-эпидемиялық ахуалдың әлсіреуіне байланысты мектеп оқушылары қашықтан оқу форматына қайта көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркияда, Қара теңіз жағалауында ресейлік кеме суға батты
БАРТЫН. Анадолы-ҚазАқпарат – Түркияның Қара теңіз жағалауында ресейлік құрғақ жүк таситын ARVİN кемесі суға батып кетті. Бұл жайында бүгін Түркияның Бартын өлкесінің губернаторы Синан Гюнер мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында көлігінде автокресло болмаған 1000-нан астам жүргізуші жазаланды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – 2020 жылы Ақмола облысында 1000-нан астам жүргізуші автокөлікте балаға арналған орындықтар болмағаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Канелоның» қулығы әшкереленіп, одан Головкинмен жекпе-жек өткізу талап етілді
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат - Boxingnews24.com журналисі Шон Джонс америкалық бокс жанкүйерлері мексикалық боксшы Сауль Альварестің қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жегін әлі де көргісі келетінін айтып, «Канелоны» жеңіл қарсылас таңдады деп айыптады. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Павлодарлық полицейлер аязда жолда қалған Түркия азаматына көмектесті
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімовтің атына Түркия азаматы Самсун Ақғабаттан алғыс хат келіп түсті. Онда Ресейден Түркияға жүк апара жатқан Самсун Ақғабат көлігінің соляркасы қатып, жолда қалған кезінде өзін құтқарған полиция қызметкерлеріне алғыс айтқан, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Бразилияда Covid-19 пациенттеріне оттегі жетіспей жатыр
БРАЗИЛИА. ҚазАқпарат - Бразилияның Манаус қаласының (Амазонас астанасы) тұрғындары билікті санитарлық дағдарысты жеңе алмады деп айыптап отыр. Жергілікті ауруханаларда Covid-19 ауыр түріне шалдыққан науқастарға оттегі жетіспейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Коронавирус: Бейжіңде 100 мың такси жүргізушісі вакцина салдыруға жазылды
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытай астанасы Бейжіңде такси шақырудың «Didi Chuxing» аталатын ең ірі онлайн- платформасын пайдаланатын 100 мыңнан астам жүргізуші COVID-19-ға қарсы вакцинаны салдыруға жазылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Қазақстанда төменгі сынып оқушыларының 56% үйірмеге бармайды – зерттеу
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен еліміздің бастауыш сынып оқушылары арасында зерттеу жүргізді. Зерттеу Еуропа мен Орталық Азияның өзге де елдерін қамтыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай