
Ерлікпен қаза тапқан тараздық полицейдің отбасына 3 бөлмелі пәтер берілді
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан полицейлер мен әскерилер мемлекеттік наградалармен марапатталған болатын. Сол бүлікте ерлікпен көз жұмған батырлардың бірі Тараз қалалық полиция басқармасы 1-бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция капитаны Рахат Сланбеков, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықтың билік институттарына сенімін нығайту үшін не істеу керек – сарапшы пікірі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Құқық қорғау және басқа да мемлекеттік құрылымдардың халықпен байланыс орнату жеделдігін арттыру қажет. Бұл туралы «Адам құқықтары жөніндегі хартия» қоғамдық қорының басшысы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Жеміс Тұрмағамбетова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бибісара Асаубаева: Шахматтан ел тарихындағы алғашқы «алтынды» иеленгенім үшін бақыттымын
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елорданың Халықаралық әуежайында шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваны күтіп алу ісшарасы өтті. Жас шахматшыны жақындары мен жанкүйерлері ыстық ықыласпен қарсы алып, гүл шоқтарын сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мирлан Қызылов: Мемлекеттегі арзан полиция, қоғамға қымбат түсетінін дамыған елдер жақсы біледі
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Запастағы полиция генерал-майоры, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Мирлан Қызылов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11 қаңтарда Праламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзін мұқият тыңдағанын айтуда. Бұл ретте ол Мемлекет басшысының құқық қорғау органдарының әлеуетін нығайту керектігі туралы тапсырмаларына пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәдениет және спорт министрлігі Бақыт Сәрсекбаевтың пікіріне жауап берді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бокстан Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаевтың Қазақстан құрамасының Ташкентте өтетін Азия чемпионатына қатыспауына қатысты айтқан пікіріне жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысында балалар мен жүкті әйелдер арасында коронавирусқа шалдығу артты
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде бір тәулікте 285 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы вирустың таралу жылдамдығына қарап, өңірде вирустың «омикрон» штамы барын болжап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда тергеу изоляторына түскен 77 адамның 53-і сол күні босатылған
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Адам құқықтары жөніндегі хартия» қоғамдық қорының басшысы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Жеміс Тұрмағамбетова жаппай тәртіпсіздік кезінде Алматының тергеу изоляторына қанша адам жеткізілгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаралы қаңтар: Әкімшілік құқықбұзушылық үшін қамауға алуды қолданбау ұсынылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Адам құқықтары жөніндегі хартия» қоғамдық қорының басшысы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Жеміс Тұрмағамбетова әкімшілік құқықбұзушылық жасаған азаматтарға қамауға алудың орнына баламалы шаралар қолдануды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкіметте ішкі нарықты сұйытылған газбен қамтамасыз ету мәселесі қаралды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында ішкі нарықты сұйытылған газбен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі қаралды. ҚазАқпарат бұл туралы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Түркиямен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастырады – Әлихан Смайылов
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Түркия Республикасының вице-Президенті Фуат Октаймен телефон арқылы сөйлесті. ҚазАқпарат бұл туралы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматыда мүліктің барлық түрі бойынша залал 112 млрд теңгені құрады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бизнес нысандары арасында қызметі азық-түлік сатумен байланысты емес дүкендер ең көп зардап шеккен. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарапшы: Мемлекет пен қоғамның өзара қатынас трансформациясының қажеттілігі пісіп-жетілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда мемлекет пен қоғам арасындағы өзара қатынас трансформациясының қажеттілігі пісіп-жетілді. Мұндай пікірді Астана халықаралық университеті педагогика колледжінің директоры Жансерік Сәттар білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлихан Смайылов БАӘ Премьер-Министрінің орынбасарымен телефон арқылы сөйлесті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов БАӘ Премьер-Министрінің орынбасары – Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті. ҚазАқпарат бұл туралы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қайғылы оқиғалардың фотосуреті мен видеоларын анонимді түрде жіберуге болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігінде жаппай тәртіпсіздік жағдайларымен байланысты азаматтардың шағымдарын қарайтын халықпен үздіксіз жұмыс істейтінін мониторингтік топтар құрылды. Бұл туралы ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы көшелерін қоқыстан жаппай тазарту жұмыстары жүргізілуде
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коммуналдық қызметтер коменданттық сағаттан басқа уақыттарда штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы Данияр Қырықбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы трагедиясы: Зақым келген нысандарды қалпына келтіру басталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қаңтар айының басында болған жаппай тәртіпсіздіктен кейін 243 нысан қайта жөндеуді қажет етеді. Оның 27-сі мемлекеттік мекемелерге тиесілі болса, 216-сы бизнес нысандар. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай