
Жамбыл облысында 378 километр жол ақылы болады
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Биыл Жамбыл облысында «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» көлік дəлізінің 378 километрі ақылы негізге көшеді. Наурыз айында «Тараз – Шымкент», сәуірде «Тараз – Қайнар» бағытындағы автомобиль жолына аталған жүйе енгізіледі, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жезқазғанның 70 жылдығы маңызды 70 іспен атап өтіледі
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Жезқазғанда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қаланың 70 жылдығына арналған 70 маңызды іс» жобасы әзірленді. Жетпіс тармақ бірнеше бөлімге біріктірілді. Олардың қатарында жолдарды жөндеу, жаңа әлеуметтік нысандарды ашу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары қарастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысының әкімі Қоғамдық кеңес алдында есеп берді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Қоғамдық кеңес алдындағы есебінде өңір 2020 жылғы сын-қатерлерге қалай төтеп берді және 2021 жылы қандай жұмыстар атқарылатыны туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жібек жолы» кеден бекетінде есірткі тасымалына қатысты 4 факті анықталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы жыл басынан Түркістан облысындағы «Жібек жолы» кеден бекетінде есірткі заттарын алып өту әрекетінің 4 оқиғасы тіркелген. Есірткіні заңсыз тасымалдаушылар әртүрлі тәсілдерді пайдаланбақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі,

Бақытжан Сағынтаев Назарбаев даңғылындағы үйдің құрылысын уақытша тоқтатты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев нүктелі құрылыстар туралы айтқан алматылықтардың шағымдарын тыңдап, мәселе шешімін тапқанша көпқабатты үйдің құрылысын тоқтатуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысының 6 елді мекенінде су басу қаупі төмендеді
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдағы елді мекендер мен шаруашылық нысандарын су басу қаупі Шу, Талас және Аса өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан болуы мүмкін. Сондай-ақ тау бөктеріндегі еріген қар және жаңбыр сулары да халық шоғырланған ауылдарға қауіпті саналады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талдықорғанда түркітілдес елдер кинофестивалін өткізу ұсынылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда түркітілдес елдер кинофестивалін өткізу ұсынылды. Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың есептік жиынында режиссер Ақан Сатаев онлайн байланысқа шығып, осындай ой тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық жазушы Тауфик Кәрімов Халықаралық Лондон сыйлығының лауреаты атанды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Интернационалдық Жазушылар одағы (www.inwriter.ru) Халықаралық Лондон сыйлығына қатысты Ұлыбритания Жазушылар одағымен бірлескен бесжылдық жұмыстың қорытындысын шығарды. Бұл ауқымды жоба әлемнің түкпір-түкпіріндегі жазушыларға өз шығармаларын халықаралық аренада ұсынуға, гранттар мен құрметті атақтарға ие болуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысында заңсыз жүрген 11 шетелдік жауапқа тартылды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының аумағында «Мигрант» жедел алу іс-шарасы өтіп жатыр. Оның мақсаты - өңірдегі шетелдіктердің құқықтық мәртебесін реттеу, әкімшілік заңнаманың сақталуына қадағалау, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның құпия саналған геологиялық деректері жария етілмек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бұрын құпия болып саналған жекелеген сирек кездесетін жер металдарына ашық қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына орай ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирус: Маңғыстау облысында 215 медицина қызметкері екпе алды
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында осы күнге дейін 215 медицина қызметкері коронавирусқа қарсы вакциналанды. Бұл туралы облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зейнетақы жинағын пайдалану: Пәтер алуда қандай кедергі бар
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Бастапқы тұрғын үйдің басым бөлігі зейнетақы жинақтарын алушылар үшін қолжетімсіз. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына орай ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғариннің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқулықтарда 1921-1922 жылдардағы аштыққа байланысты материал жоқтың қасы – ғалым
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздегі жалпы оқулықтарда 1921-1922 жылдардағы аштыққа байланысты материал жоқтың қасы. Мұндай пікірді Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабылдинов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құнды қағаз нарығында ойыншы атанған қазақстандықтардың саны қанша
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Құнды қағаз нарығында ойыншы атанған жекелеген қазақстандықтардың саны қанша? Бұл сауалға бүгін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз хатшысы Азамат Кенже жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирустан емделгендер аспиринді дәрігердің рұқсатымен ғана қолдану керек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирустан емделгендер аспиринді дәрігердің рұқсатымен ғана қолдану керек. Бұл туралы «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының» бөлім меңгерушісі Айнұр Тәуекелова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандықтар 6 компанияға зейнетақы жинағын инвестициялай алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Келесі аптадан бастап қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін инвестициялай алады. Бұл туралы бүгін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Құнды қағаздар департаментінің директоры Еділ Медеу айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирустың ауыр не жеңіл түрде өтуі штамдарға байланысты емес - маман
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте дәрігер көктемгі, жазғы, күзгі және қаңтар айының екінші жартысындағы коронавирус штамдарында қандай айырмашылық бар екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зейнетақы жинағын сенімгерлік басқаруға беру: Компанияларға қойылатын талаптар
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін сенімгерлік басқаруға берген кезде басқарушы компанияға қандай талап қойылады. Бұл сауалға бүгін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұрын коронавируспен ауырып, денсаулығы сыр бергендер бақылауда болады - Айнұр Тәуекелова
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бұрын коронавируспен ауырып қосымша ауру тауып алғандар дәрігердердің бақылауында болады. Бұл туралы «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының» бөлім меңгерушісі Айнұр Тәуекелова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұрғын үй нарығындағы баға неше пайызға өсті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде 5 айдың ішінде бастапқы тұрғын үй нарығындағы баға 5 пайызға өсті. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына орай ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғариннің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бердібек Сапарбаев: Өңірде жергілікті қамтуды арттыру бойынша жұмыс тиісті деңгейде жүргізілмейді
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте мемлекеттік сатып алулардағы, құрылыс-монтаж жұмыстарындағы және өнеркәсіп секторындағы жергілікті қамту үлесін арттыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмолада мемлекетаралық іздеуде жүрген 2 қылмыскер ұсталды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы ақпанның 15-19 күндері аралығында Ақмола облысында өтіп жатқан «Мигрант» жедел алдын алу шарасы аясында мемлекетаралық іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай