
Қазақстан мен Түрікменстан 2021-2023 жылдарғы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Түрікменстан Министрлер кабинеті Төрағасының орынбасары - Сыртқы істер министрі Рашид Мередов бейнеконференция режимінде СІМ-аралық консультация өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысының барлық мектебі жылдамдығы жоғары интернетке қосылды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында 2020 жылы білім саласына 115,3 млрд теңге жұмсалды. Қаражаттың дені жаңа мектептердің құрылысы мен жөндеу жұмыстарына бағытталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Карантин: Елордада караоке-бар басшылығының үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада сот орындаушылары есікке ілген мөрді бірнеше рет алып тастап, қызметін жалғастырған «Tequila» караоке-барының басшылығы қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зейнетақы жинағын пайдалану: 140 мың салымшыдан өтінім түсті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 17 ақпандағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына уәкілетті операторлардан мерзімінен бұрын төлемдерді жүзеге асыруға мақсатты пайдалану үшін 140 941 салымшының өтініші келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жануарларға жауапкершілікпен қарау заңнамасына қандай өзгеріс енгізілмек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айбек Өскембаев жануарларға зорлық-зомбылық бойынша жауапкершілікті күшейту шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысының Шахан кентінде карантиндік шектеулер жеңілдетілді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Шахан кентінде коронавирус инфекциясына байланысты шектеулер жеңілдетіледі. Атап айтқанда, мектепке дейінгі мекемелер, балалар және спорттық-сауықтыру орталықтары мен басқа да нысандар жұмысын жандандырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда шығарылған «Шағала» пилотсыз ұшу аппараты полигонда сынақтан өткізілуде
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «Шағала» атты пилотсыз авиациялық-барлау кешені сынақтан өткізілді. Ұшқышсыз ұшу аппаратты ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің әскери ғалымдары жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айсұлтан Сейітовтің видеоклипі «BooooooomTV» сыйлығын иеленді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітовтің отандасымыз - рэпер «Қара зире майының» (шын аты-жөні Айдын Нұралин) «Тылсым әлем» атты композициясына түсірген видеоролигі Канаданың BooooooomTV Awards 2020 тұғырнамасында «Жылдың үздік музыкалық видеосы» санатында марапатқа ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Цифрлық Қазақстан: Елордада 6 негізгі бағыт бойынша ауқымды жұмыстар іске асырылуда
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданы «Ақылды қала» тұжырымына сай цифрландыру және трансформациялау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 6 негізгі бағыт бойынша басым жобалар іске асырылуда: білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, ТКШ, көлік және мемлекеттік қызметтер салаларын цифрландыру, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Екі қалада Назарбаев Университеті үлгісінде оқу орындары құрылмақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша Петропавл және Шымкент қалаларында 2 озық өңірлік жоғары оқу орнын құруға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Телеарнада жастар пікір таластыратын бағдарлама ашылмақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Хабар» телеарнасында жастар пікір таластыратын бағдарлама ашылмақ. Бұл жайында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Еркін Үйсімбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда ҚХА жастар ұйымдарын дамыту жоспары әзірленіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан халық Ассамблеясы жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі жұмыс жоспары әзірленіп жатыр. Бұл жайында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Еркін Үйсімбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалпыға бірдей декларацияны кім тапсырады және нені көрсетуі керек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 қаңтардан бастап Қазақстанда кірістер мен мүлікті жалпыға бірдей декларациялау кезең-кезеңімен енгізіле бастады. Жалпыға бірдей декларациялауды енгізу төрт кезеңнен тұрады. Бірінші кезең биылғы 1 қаңтардан басталды, екінші кезең – 2023 жылы 1 қаңтарда, үшінші кезең – 2024 жылы 1 қаңтарда және төртінші кезең – 2025 жылдан бастап енгізіледі.

«Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылмақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «Nur Otan» партиясы астаналық филиалының Саяси кеңесі Бюросы отырыс өткізді. Жиында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша партияның сайлауалды бағдарламасын іске асырудың 2021-2025 жылдарға арналған Жол картасы бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кинематография саласындағы қаражаттың 70 пайызы тарихи, патриоттық картиналарға бағытталмақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда кинематография саласына бөлінетін қаражаттың 70 пайызы тарихи, патриоттық картиналарға бағытталмақ. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу бойынша республикалық іс-шаралар жоспары бекітілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі жалпы республикалық іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай