
Инвестициялар Қазақстан үшін әрдайым маңызды бағыт болады – Kazakh Invest
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан ауыл шаруашылығына, металлургияға, өндіріс және басқа да секторларға инвестициялар тарту бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Сартбаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі лаухалар тарихи орнына қойылды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің Қазандық бөлмесінде «Қасиетті лауханың жаңғырылуы» шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Президенті Шетелдік инвесторлар кеңесінің жиынына қатысты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы бейнеконференция форматында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көкшетауда сауда үйі мен қоғамдық тамақтану орынының жұмыс уақыты ұзартылды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында коронавирус инфекциясының таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтана бастады. Сол себепті, өңір қауіптілік бойынша сары аймаққа өтті. Бұл туралы өңірдің бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да 4 колледждің материалдық базасын жақсартуға 1,2 млрд теңге жұмсалды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында соңғы төрт жылмен салыстырғанда колледждерді қаржыландыру биыл 4 есе артып, материалдық-техникалық базаны жақсартуға 275 млн теңге жұмсалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сағынтаев блокпост қойылмас үшін алматылықтарға санитарлық талапты сақтауға шақырды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласына кіретіндерге және шығатындарға шектеу қойылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Мегополис басшысы «Алматы» арнасының Akimat LIVE тікелей эфиринде қалаға блокпостар қойылуы мүмкін екенін мәлім етті.

Қазақстан 2 мыңнан астам инвестициялық жобаны іске асырды – министр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан 100 млрд доллар көлеміндегі 2000-нан астам инвестициялық жобаны іске асырды. Бұл жобалар құрылыс саласына, химия өнеркәсібіне, мұнай-газ, денсаулық, әлеуметтік қызмет көрсету саласына қатысты болды. Бұл туралы «Экономика. Сауда. Инвестициялар» дағдарысқа қарсы бүкіләлемдік конференциясында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шетелдіктерге қазақ тілін үйрететін «Абай институты» порталы іске қосылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Абай институты» abai.institute порталын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында 202 маршрут бойынша автобус қатынап жүр
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Қарағандыда коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық жағдай бойынша брифинг өтті. Журналистердің сұрақтарына Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Есентаев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда ер балалар саны артады – демографиялық болжам
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ХХІ ғасырдың ортасына қарай Қазақстан жастарының үштен екісі қалаларда тұрады және ұлдар саны қыздарға қарағанда сәл жоғары болады. Сарапшылардың мұндай болжамын «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ келтіріп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әсет Исекешев ТМД алаңындағы отырыста өңірлік қауіпсіздік мәселесін көтерді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешев бейнеконференция форматында өткен Тәуелсіз мемлекеттер достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының VIII отырысына қатысты. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Мәжілісмендер «басым туристік аумақты» басқаратын компанияны құруға қарсы болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Парламент Мәжілісінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандыда полицейлер 80 адамдық үйлену тойының үстінен түсті
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы аумағында 78 мобильді топ жұмыс істейді. Олардың атқарған жұмысы туралы Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kazakh Tourism компаниясына қосымша құзырет берудің қажеті қанша – депутат
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінде туристік қызметке қатысты заң жобасы қызу талқыланды. Жұмыс барысында депутат Артур Платонов Kazakh Tourism компаниясын мемлекет пен бизнес арасында делдал болғалы тұрғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай