
ҚазАқпараттың шығарушы редакторы халықаралық мүшәйрада жүлдегер атанды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылған ақын, сағыныштың символына айналған шайыр-жырау, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Жәркен Бөдешұлының шығармашылығына арналған «Сарыкөбелек сағыныш» атты халықаралық жазба ақындар мүшәйрасы мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті: Міндетіміз – Достастықтың жаңа геосаяси жағдайдағы әлеуетін күшейту
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ТМД елдері бір-бірінен экономикалық әлеует тұрғысынан бөлек, олардың тарихи, тіпті, геосаяси көзқарасы да әртүрлі. Бұл жаында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәсіподақтар федерациясы Nur Otan партиясына сайлаушыларға қысым жасамау керегін ескертті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Кәсіподақтар федерациясы сайлаушыларға қысым жасауға жол бермеуді ескерту үшін саяси партиялардың өкілдерімен кездесуді бастады. Бүгін Nur Otan партиясының өкілдерімен жиын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті Қарабақ жайында: Посткеңестік кеңістіктегі қақтығыс ошағының оты сөндірілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының әлеуетін жаңа геосаяси жағдайда одан әрі күшейту және оның халықаралық аренадағы орнын нығайту – баршамыздың ортақ міндетіміз. Бұл туралы ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті: Біз келесі аптада Ресеймен бірлесіп, вакцина өндірісін іске қосамыз
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысқан Қасым-Жомарт Тоқаев ортақ мүдделерді ескере отырып бірқатар ұсыныс жасады, оның ішінде, коронавирус індетіне бірлесе қарсы күресуге қатысты ойын ортаға салды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Видео конференция режимінде өткен іс-шараға Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан Президенттері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Ақмола облысында тағы бір жел электр стансасы іске қосылды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жел энергетикасы саласындағы жобалар табысты іске асырылуда. Тәуелсіздік күніне орай Ерейментау ауданында қуаты 30 МВт жел электр станциясы пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

«ADAL» партиясының өкілдері Тобыл және Рудный тұрғындарымен кездесті
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - «ADAL» партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттар Олжас Ордабаев, Ақмарал Бекмұрзаева және партия хатшысы Нұрлыбек Мұқанов Қостанай облысының Затобол ауданы Тобыл қаласының және Рудный қаласының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық студент халықаралық бейнероликтер байқауының жеңімпазы атанды
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. ҚазАқпарат - 17 желтоқсанда Санкт-Петербургтен 10-22 жас аралығындағы оқушылар мен студенттер арасында «Адам құқықтары біздің көзімізбен» атты халықаралық бейнероликтер байқауының онлайн көрсетілімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Адам құқықтары жөніндегі орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ауыл» партиясынан депутаттыққа кандидаттар Жамбыл облысы жастарымен кездесті
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Бүгін, 18 желтоқсанда Тараз қаласында «Ауыл» партиясынан депутаттыққа ұсынылған кандидаттар Жамбыл облысында жастармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш саяси ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрлан Ноғаев: Қазақстан энергия ресурстарының жаңа нарықтарына қол жеткізуге мүдделі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев бейнеконференция форматындағы Халықаралық Энергетикалық Хартияның (ХЭХ) министрлік конференциясының 31-отырысында баяндама жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 14:10-де Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Халық партиясының елорда филиалында жастардың тұрғын үй мәселелері талқыланды
НҰР-СҰЛТАН. КазАқпарат – Қазақстан Халық партиясының Астана қалалық филиалында «Жастарға арналған қолжетімді баспана» тақырыбында қоғамдық тыңдау өтті. Іс-шараны ҚХП Астана қалалық комитетінің Жастар қанаты ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

USAID Қазақстанда мигранттардың құқығын қорғау науқанын өткізеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 18 желтоқсан Халықаралық мигрант күні болып белгіленген, бұл маңызды күнді атап өту үшін АҚШ үкіметі Халықаралық даму агенттігінің (USAID) Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон жобасы арқылы Қазақстандағы мигранттардың құқығы туралы ақпаратты насихаттайтын онлайн науқан бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жапонияда 1000 автомобиль қар құрсауында қалды
ТОКИО. KYODO NEWS – ҚазАқпарат - Жол операторының айтуынша, жұма күні толассыз қар жауып, салдарынан Токиодан солтүстікке қарай тасжолда 1000-ға жуық көлік қар құрсауында қалған. Полиция көліктерді ашық жолдарға бағыттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo News агенттігіне сілтеме жасап.

Елордалық мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттері табысталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қайырымдылық эстафетасы аясында кәсіпкерлер, еріктілер, қоғам қайраткерлері, әртістер мен түрлі ұйымдар соғыс және тыл ардагерлеріне, мұқтаж отбасыларға азық-түлік жиынтығын жеткізуде. Бұл туралы ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Байден киберқауіпсіздікке басымдылық берілетінін айтты
ВАШИНГТОН – НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – АҚШ-тың сайланған, бірақ әлі қызметіне кіріспеген президенті Джо Байден үкіметтік мекемелерге және жеке компанияларға жасалған үлкен кибершабуылдар туралы хабарламалар аясында киберқауіпсіздікті «басты басымдық» етуге ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Bloomberg-ке сілтеме жасап.

Түркі музыкалық ансамблі ҚР Тәуелсіздік күніне орай қазақ туындыларын орындады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркияның Мәдениет және туризм министрлігінің Анкара Түркі әлемі музыкалық ансамблі бауырлас ел - Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай қазақ туындыларын орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

КВИ- ға шалдыққан 242 адамның жағдайы ауыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 18 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 25 349 адам короновирус инфекциясынан (13 515 КВИ+ және 11 834 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 389 пациент стационарда, 20 960 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық Мадияр Оңалдин жасаған ремикс «Яндекс.Музыкада» топ жарды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Яндекс.Музыка» стриминг қызметі 2020 жылды қорытындылап, түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздарды жариялады. Қазақстандық музыкант және музыкалық продюсер Monaldin-нің (Мадияр Оңалдин) танымал әнші K-Maro-ның «Femme Like U» әніне жасаған ремиксі «Жылдың үздік электронды әні» атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандыдағы ең ауқымды ауданындағы учаскелік полицей өз міндетін атқарудың қыр-сырымен бөлісті
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміның қызметкерлері күн сайын жүздеген шақыртуға шығып, ондаған қылмыстың алдын алады. Кеншілер шаһарындағы ең ауқымды аудандардың бірінде учаскелік полицей міндетін атқарудың қыр-сырымен Арман Қанапин бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай