
Нәрестені бөтелкемен тамақтандырады: елордалық дәрігерлер ковид орталығын көрсетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық жұқпалы аурулар орталығының медицина қызметкерлері науқастарды емдеу барысында түсірілген видеоларды жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қарағандылық жастар мен зейнет жасына жақындаған азаматтар жұмыспен қалай қамтылады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Биылғы жылы Қарағанды облысында «Күміс жас» жаңа жобасын іске асыру жұмыстары басталды. Жоба зейнет жасына жақындаған азаматтарды зейнетке шыққанша тұрақты еңбекке орналастыруды қарастырады. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің осы және басқа да құралдары туралы Қарағанды облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Төлеу Мұхтар айтып берді.
Президент тапсырмасы: Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әлеуетін арттыруға күш саламыз – Шынар Ғабдрахманова
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде мемлекеттік басқару жүйесін реформалауды кешенді жүргізу міндетін айқындап берген болатын. Осыған орай ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Шынар Ғабдрахманова өз пікір-пайымын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомствоаралық комиссия оқытудың штаттық форматына оралуға рұқсат берді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. ҚазАқпарат бұл туралы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Жаппай тәртіпсіздіктерден кейін Алматы әуежайының келбеті қандай - фоторепортаж
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан әкімшілік және сауда ғимараттарымен қатар, халықаралық әуежайы да зардап шекті. Оны бүлікшілер басып алды, нысан кейіннен арнайы операция кезінде босатылды. 13 қаңтардан бастап әуе айлағы өз қызметін қайта бастады, ал 19 қаңтардан штаттық режимде жұмыс істейді. ҚазАқпарат фототілшісі қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген әуежайда болып қайтты.

ҚР Президенті жемқорлықпен аяусыз күрес жалғаса беретініне кепілдік берілетінін айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Барлық күш-жігеріміз миллиондаған қазақстандықтың қауіпсіздігі мен тұрмыс жағдайының сапасын жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақтөбе облысының бас полицейі жаппай тәртіпсіздіктердің хронологиясын айтты
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облыстық Полиция департаменті қаңтарда болған жаппай тәртіпсіздік туралы жан-жақты ақпарат берді. Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, терроризм актісіне қатысқан бір адамның көзі жойылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде жоғалған мүліктің құны бюджеттен немесе «Күшіміз бірлікте» қорынан өтеледі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде жоғалған мүліктің құны мемлекеттік бюджеттен немесе «Күшіміз бірлікте» қорынан өтеледі. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа утилизациялық алым ақпан айының соңына дейін бекітіледі - министрлік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Утилизациялық алымның коэффициенттерін қайта қарау ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жангүл Жолмұқанова: Ассамблеяның алдағы міндеті - этностар арасындағы достықты нығайту
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Қазақстан халқы Ассамблеясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында этномәдени орталықтардың өкілдері қатысқан кеңес өтіп, алға қойылған міндеттерді талқыға салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы кәсіпкерлері шығын орнын толтыру үшін қандай құжаттар ұсынуы керек
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы кәсіпкерлері мүліктік залалдың орнын толтыру үшін қандай құжаттарды ұсынуы керек. Бұл туралы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде қала әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысында бүгінгінің батырларын дәріптейтін шара қолға алынуда
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі «Арамыздағы батырлар» жобасын жүзеге асыруда. Жоба бүгінгінің батырларын дәріптеуге, олардың ерліктерін көпшілікке үлгі ету мақсатында қолға алынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдай кезінде шегерілген әуе рейстерінің ақшасын қалай қайтаруға болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық әуе компаниялардың басым көпшілігі қаңтар айының соңына дейін Төтенше жағдай режимі кезінде шегерілген рейстердің билет құнын қайтаруға уәде беріп отыр. ҚазАқпарат тілшісі әуе тасымалдау саласындағы компаниялардан бұл процесс қалай іске асатынын сұрап көрді.

Мемлекет басшысы: Әскердегі қару-жарақтың дені – 30-50 жыл болған кеңес дәуіріндегі техника
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әскердегі қару-жарақтың дені – 30-50 жыл болған кеңес дәуіріндегі техника. Бұл туралы ҚР Президенті - Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен өткізген кеңесте айтты.

«Егілмеген жоғары сынып оқушылары мектепке жіберілмейді» - фейк
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Telegram мессенджерінде Қарағанды мектептерінің бірінде вакцина алмаған жоғары сынып оқушылары мектепке жіберілмейтіні туралы ақпарат тарады. Қарағанды облысының Білім басқармасы мұны жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Тоқаев: Министр Бектанов командирлік қабілетін көрсете алмады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Армия Тәуелсіздігіміздің тірегі болып, мемлекет мүдделерін қорғауы тиіс. Қаңтар оқиғасы кезінде Қарулы Күштер өзіне сенімсіз әрі қабілетсіз басшылығының кесірінен жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде атқара алмады. Бұл туралы ҚР Президенті - Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен өткізген кеңесте айтты.

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен кәсіпкерлердің шығыны қалай өтеледі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде келтірілген шығынның жалпы сомасы 95 млрд теңгеден асады. 1600 кәсіпкерлік субъекті зардап шекті. Оның 96 пайызы шағын және орта бизнес өкілдері. Бұл туралы брифинг барысында қала әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасының Қауіпсіздік Кеңесі мен ҚХА-да өмір бойы төрағалық етуін тоқтататын түзетулер Сенатқа жолданды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісі ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік Кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясына өмір бойы төрағалық етуін тоқтататын конституциялық заңнамаға түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық энергетика агенттігі мұнайдың әлемдік бағасына болжам жасады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық энергетика агенттігінің (ХЭА) қаңтардағы есебінде 2022 жылы коронавирустың «омикрон» штамының таралуына қарамастан, мұнайға сұраныстың өсімі күтіліп отырғаннан әлдеқайда артатынын болжап отыр. Агенттік 2021 және 2022 жылдардағы мұнай сұранысының өсу бағасын тәулігіне 200 мың баррельге, сәйкесінше тәулігіне 5,5 миллион баррель және 3,3 миллион баррельге дейін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай