
Көкшетауда шешендер мен ингуштердің жер аударылуына арналған конференция өтті
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Алғыс айту күні қарсаңында Көкшетауда қаласында Ақмола облыстық «Вайнах» шешен-ингуш қоғамының ұйымдастыруымен шешендер мен ингуштердің тарихи отанынан Қазақстанға жер аударылуы тақырыбында халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Түркістанда гидтерге арналған семинар-тренинг өтуде
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының туризм басқармасының «Turkistan Tourism Center» туристік ақпараттық орталығы 11-23 ақпан аралығында әлеуетті гид-экскурсоводтарға семинар-тренинг өткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат аймақ басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында жеңіліссіз спорттық байқау бастау алды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Ақмола облысында бұқаралық спортты дәріптеуге және халық арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған «Орнықты 30 қадам» акциясы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

БҚО-да тұрғын үйлерді іске қосу 9,1 пайызға артты – Ғали Есқалиев
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында өткен жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,7, құрылыс жұмыстары 0,3, тұрғын үйлерді іске қосу 9,1пайызға артты. Бұл туралы өңір тұрғындарымен есептік кездесуінде облыс әкімі Ғали Есқалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жеке көлігімен жүруден бас тартқан британдықтарға 4,2 мың доллар төленеді
НҰР-СҰЛТАН ҚазАқпарат - Ұлыбритания билігі қоршаған ортаны барынша ластайтын автомобильдердің иелері көліктерінен бас тартып, қоғамдық көлік, велосипед, электроскутер, каршеринг немесе такси қызметі пайдаланатын болса, онда оларға 3 мың фунт стерлинг (4,2 мың доллар) төлемек. Бұл жайында ҚазАқпарат The Times газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мәжіліс депутаттары Жаңатастағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты
НҰР-СҰЛТАН ҚазАқпарат - Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин төменгі палата депутаттарының атынан Жамбыл облысы Сарысу ауданының Жаңатас қаласында өрт салдарынан қаза тапқан балалардың ата-анасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Наоми Осака төртінші рет Үлкен дулыға титулын жеңіп алды
МЕЛЬБУРН. Kyodo News –ҚазАқпарат - Әлемнің үшінші ракеткасы жапондық Наоми Осакаға Аустралия ашық теннисінде америкалық Дженнифер Брэдиді жеңіп, өзінің төртінші Үлкен дулыға атағын жеңіп алу үшін екі сет қажет болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo News-ке сілтеме жасап.

Рахман Алшанов: Қазіргі заманда біліксіздігіңді бір беттік диплом жасыра алмайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жоғары оқу орындарына деген талап күшейіп келеді. Білім және ғылым министрлігінің сынынан, жалпы стандарттар мен талаптардан өтпей қалып жатқан университеттер мен институттар бар. Ай сайын бір жоғары оқу орнының лицензиясынан айырылғаны хабарланып, бүгінде университеттер «айылын жия» бастаған. Жоғары оқу орындарының бұлайша сұрыпталуының дұрыс-бұрыстығын ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшановтан сұрап көрген еді.

Қазақстанда француз технологиясы бойынша ешкі ірімшігі өндірісі ашылады
ПАРИЖ. ҚазАқпарат – Париж, 2021 жылдың 19 ақпаны – Қазақстанның Франциядағы Елшіcі Жан Ғалиев «D. A. E.» компаниясының басшысы Давид Аммёмен кездесті.Келіссөздер барысында француз кәсіпкері жергілікті шикізат пен жұмыс күшін пайдалана отырып, Алматы облысында ешкі сүтінен ірімшік өндірісін ашу туралы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Президент Жаңатас қаласында қаза болған балалардың ата-анасына көңіл айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңатас қаласында болған өрт салдарынан балалардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Facebook-тегі парақшасында жазды.

Жапония офицері АҚШ-тағы ұшақ апатынан қаза тапты
ТОКИО. Kyodo News - ҚазАқпарат - Сенбіде Жапонияның қорғаныс министрлігі АҚШ әскери ұшағы жаттығулар кезінде Алабама әуежайының жанында апатқа ұшырап, салдарынан бортында екі адам, соның ішінде Жапонияның өзін-өзі қорғау күштерінің мүшесі қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo News-ке сілтеме жасап.

Футбол: Қазақстан жастар құрамасы алғашқы ойында Бельгиямен кездеседі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы 2023 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің алғашқы ойынында Бельгиямен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.

Экология министрлігі АрселорМиттал Теміртауға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда қылмыстық топ 20 млн теңгенің жүк көлігін ұрлап кеткен
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 40-55 жас аралығындағы бес күдікті құны 20 млн теңге болатын 2019 жылы шыққан «SHACMAN» маркалы жүк көлігін айдап әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай