
Ақмола облысында қараусыз малдың кесірінен 40 көлік апаты болған
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында автокөлік жолында бақылаусыз жайылып жүрген малдың кесірінен жол-көлік оқиғасы орын алып, жүргізуші ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азаматтардың жеке деректерін жинау үшін Telegram-бот іске қосылғандығы туралы ақпарат жалған - Еңбек министрлігі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек министрлігі Қазақстан азаматтарының жеке деректерін жинау үшін Telegram-ботты іске қосты деген ақпарат жалған. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
СҚО-да полицияның медициналық қызметі 3 мыңға жуық ПТР зерттеу жүргізді
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында полиция бастығы ведомстволық емханасы бар госпитальдің жұмысын және персоналдың коронавирустық инфекцияға қарсы күреске дайындығын бағалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Болгарияда Абай мен әл-Фарабидің құрметіне мерейтойлық пошта маркалары шығарылды
СОФИЯ. ҚазАқпарат – Болгария Халық жиналысының ғимаратында Әбу Наср әл-Фарабидің 1150-жылдығына және Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына арналған марканы шығарудың салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

«Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» тақырыбында онлайн диалог өтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «ZEREN» республикалық жастар білім беружобасы аясындажастарды кәсіпкерлік қызметке тарту тетіктерін дамыту мен жетілдіруді талқылау бойынша «Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» тақырыбында онлайн диалог өтті.

Айдар Баталов: Пандемия қазақстандық киноөндірушілердің жұмысына кедергі болған жоқ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы өткізген екінші питчингтің нәтижесі бойынша, 39 отандық картинаға мемлекеттік қаржылық қолдау көрсетілген. Кино орталығының қазіргі жұмысы туралы «Қазинформ» ХАА тілшісіне «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасының өндіріс бойынша орынбасары Айдар Баталов баяндап берді.

Алтай Көлгінов: Газ баллоны жарылысынан қаза тапқан қыздың отбасына көмек көрсетіледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада дәмханадағы газ баллоны жарылуы салдарынан қаза тапқан қыздың отбасына көмек көрсетіледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада сауда орталықтары сенбі күні жұмыс істейді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пралиеваның жаңа қаулысына сәйкес, елордада сауда ойын-сауық орталықтарына сенбі күні кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан футбол құрамасы Ұлттар лигасында қанша табыс тапты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттар лигасындағы алты ойынның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы топта соңғы орынға ие болып, «С» лигасындағы орынды сақтап қалу үшін Молдовамен таласады. Бірақ, соған қарамастан, Қазақстан құрамасы турнирге қатысқаны үшін бонустар алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KazFootball.kz-ке сілтеме жасап.

Арманға адалдық: Ұлттық компаниядағы қызметін тастап, ауылға кетіп, ірімшік жасауда
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 34 жастағы Александр Шевченко шетелде тәжірибесін шыңдап, елордадағы ұлттық компанияда жетекші инженер болып жұмыс істеген. Отбасын құрып, баспаналы да болды. Оны қызметтік өсіне де мүмкіндіктер аз емес секілді еді. Бірақ ол жарқын болашағын ірімшік жасаумен байланыстыруды қалапты. Осылайша Нұр-Сұлтан қаласынан 110 шақырымдық жердегі Торғай ауылына көшіп, ірімшік жасай бастаған... «ҚазАқпарат» тілшісі қаладағы үйін арманына айырбастаған кәсіпкер – Александрдан сұхбат алды.

Денсаулық вице-министрі 1500 тыныс алу құрылғысын өңірлерге жеткізуге қатысты түсініктеме берді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау вице-министрі Әсем Нүсіпова аймақтарға 1500 тыныс алу құрылғысын жеткізуге қатысты түсініктеме берді, деп хабардайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай