
5 жасқа дейінгі балалар арасында КВИ жұқтыру деңгейі бойынша Қостанай облысы көш бастап тұр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың желтоқсан айының басынан елімізде 5 жасқа дейінгі балалар арасында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 365 жағдайы және 6-18 жас аралығындағы балалар арасында 780 жағдай тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Абай» мен «Әл-Фараби» телехикаялары отандық кино өндірісіне тың серпін берді - Әшімбаев
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Абай» және «Әл-Фараби» атты жаңа телехикаялар отандық кино өндірісіне тың серпін берді деуге толық негіз бар. Өйткені, екі телехикаяның да сапасы, актерлер құрамының шеберлігі жоғары деңгейде.

Мемлекеттік қызметшілерге шетелдік банктердегі шоттарын жабуға 6 ай беріледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов мемлекеттік қызметшілердің, Парламент депутаттары мен судьяларға шетелдік банктерде шот ашуға тыйым салуға қатысты заңдағы жаңа новелланың мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бектенов: Параны айтарлықтай көлемде бергендердің ісі бұдан былай ауыр қылмыс түріне жатады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Параны айтарлықтай көлемде бергендердің ісі бұдан былай ауыр қылмыс түріне жатады. Бұл туралы толығырақ ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алаш зиялылары қозғаған ар тазалығы мемлекеттік қызметшінің басты қағидасы болуы керек - Дархан Жазықбаев
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде мемлекеттік қызмет пен басқару саласын дамытуға қатысты тың бастамалар жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Бұл бағытқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында ерекше екпін қойғанын білеміз.

ҚР Президенті Еркiн сауда аймағын құру туралы құжатқа өзгерістер енгізетін заңға қол қойды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «1999 жылғы 8 қазандағы Еркiн сауда аймағын құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң арасында тасымалданатын тауарларды кедендiк ресiмдеудiң және кедендiк бақылаудың тәртiбi туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Олжас Бектенов жемқорлықпен күресті күшейтуге бағытталған жаңа заң нормаларын түсіндірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жемқорларды мерзімінен бұрын босатпау туралы заң нормасы қай санаттағы сотталушыларға қолданылмайды? Бұл санат жайлы толығырақ ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан мен Азия Даму банкі арасында қарыз туралы келісім ратификацияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі белсенді шаралар мен шығыстарды қолдау бағдарламасы) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Жастарға өз денсаулығын қорғауға көмектесетін арнайы мобильді қосымша іске қосылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен БҰҰ Тұрғын халық саласындағы (ЮНФПА) қоры жасөспірімдер мен олардың ата-аналары үшін репродуктивті денсаулық туралы ақпарат беретін байланыс пакетін іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сайлау күні үкіметтік емес ұйымдар қалай жұмыс істейді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда алдағы қалалық мәслихат депутаттарын сайлауға дайындық жұмыстары белсенді жүргізілуде. Алматы қаласының азаматтық альянсының сайлауды бақылау жөніндегі қоғамдық орталығы 10 қаңтарда барлық заңдылық нормаларына сәйкес сайлау өткізуге көмектесетін кеңесшілерді дайындайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сенаторлар техникалық реттеу туралы заң жобасын қарайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Бюро отырысы болды. Депутаттар Сенаттың алдағы 2020 жылғы 24 және 29 желтоқсанда өтетін отырыстарының күн тәртіптерін талқылады, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай