
Шымкентте №9 емхана бас дәрігері жұмысқа тұрғызу үшін қала тұрғынынан пара алған
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, денсаулық сақтау жүйесінде сыбайлас жемқорлық фактілері орын алып жатыр. Бұл жайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жұмағали брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облысында департамент басшысы алаяқтық бойынша тергеліп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы AntikorNEWS алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Электр энергиясын ысырап еткені үшін «Астана АЭК» басшылығы сотталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Электр энергиясын орынсыз пайдаланғаны үшін «Астана АЭК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары мен оның бірқатар бағынышты қызметкері сотталды. Бұл туралы AntikorNEWS алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әзербайжан қайраткерлері «Абай 175 жыл» медалімен марапатталды
БАКУ. ҚазАқпарат - Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігінде түркі елдері суретшілерінің ұлы қазақ ақыны шығармаларының желісімен салынған туындыларын қамтитын «Абайды оқи отырып» арт-альбомының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аграрлық несие корпорациясының экс-басшысы пара алғаны үшін 7 жылға сотталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аграрлық несие корпорациясының бұрынғы басшысы бірнеше рет пара алғаны үшін 7 жылға сотталды. Бұл туралы AntikorNEWS алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

25 млн теңгені жымқырған Шымкент балалар ауруханасының бас дәрігері мен есепшісі сотталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкентте ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінген облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері мен бас есепшісі сотталды. Бұл туралы AntikorNEWS алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматының ІT архитектура жоспары бекітілді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев пен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің қатысуымен өткен IТ кеңесте мегаполистің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін цифрландыру жүйесін дамытудың басты бағыттары қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зейнетақы жинағын баспанаға жұмсау: Басты сұрақтардың жауабы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында бүгін зейнетақының бір бөлігін баспанаға жұмсау мәселесіне қатысты баспасөз мәслихаты өтті. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері мен «Отбасы банк» басшылары жиында көптің көкейінде жүрген басты сұрақтарға жауап берді. Осы ретте ҚазАқпарат тілшісі оқырман қауымға бұл бағларламаға қатысты бағыт-бағдар берер негізгі әрі маңызды мәліметтер легін ұсынады.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті астана әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кездесуде елорда әкімі Елбасына қала құрылысындағы алдағы жоспарлар мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Елбасының баспасөз қызметі.

Зейнетақы жинағын алу процесіндегі барлық операциядан комиссия алынбайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Зейнетақының бір бөлігін алу процесіне қатысты барлық операциясынан комиссия алынбайды. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова толығырақ айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақмолада әкім орынбасары мен бөлім бастығы жер телімі үшін кәсіпкерден пара сұраған
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысында шенеуніктер 2 жер телімі бойынша жер пайдалану құқығын беру туралы оң шешім шығару үшін кәсіпкерлік субъектісінен 800 000 теңге сомасында пара алу күдігіне ілінді. Бұл туралы AntikorNEWS алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы кәсіпкерлері 25 қаңтарға дейін қызметкерлерін МӘМС жүйесінде сақтандыруы тиіс
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Шағын және орта бизнес қызметкерлері МӘМС пакетінен медициналық көмек алуы үшін олардың жұмыс берушілері 25 қаңтарға дейін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жалдамалы қызметкерлері туралы ақпарат беруі тиіс. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Алматы филиалында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зейнетақы қаражатын алу: Тұрғын үйді 5 жылға дейін сатуға тыйым салу тәртібі түсіндірілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ИИДМ құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев зейнетақының бір бөлігіне алынған үйді 5 жыл бойы сатуға тыйым салу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтанда кәсіпкерден пара алған шенеунік 42 млн теңге айыппұл төлейді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылы 21 қаңтарда жеке компания директорынан пара алғаны үшін Нұр-Сұлтан қаласы құрылыс басқармасының бөлім басшысы Е.А.Наурызбаевқа 42 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы AntikorNEWS алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай