
Тазы тұқымын көбейту үшін күшігін тегін беремін - Әділбек Әбу
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбелік теміржолшы Әділбек Әбу аңшылыққа әуес. Ол бала күнінен бері тазы баптап, аңға шығуға машықтанған. Ұлттық өнеріміздің бірін қайта жаңғыртып, дәріптеу үшін күшіктерін тегін таратып жүр. Арманы – қазақ тазысын патенттеу, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттың рухани бұлағы Наурызда ашылады – Жәди Шәкенұлы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақтың салт-дәстүрі, ұлттық коды Наурызбен тікелей байланысты және Наурыз мерекесін табиғатпен үндестікте атап өту қажет. Бұл пікірді жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жәди Шәкенұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шетел азаматтары қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шет елдерден Наурыз мейрамына орай келіп түсіп жатқан құттықтаулар легі толастаған жоқ. Жылы лебіздердің бір топтамасын оқырман назарына ұсынамыз, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Асқар Мамин Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинмен келіссөз өткізді
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Мәскеу қаласына жұмыс сапары аясында РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен, сондай-ақ Ресейдің орталық мемлекеттік органдарының, мемлекеттік корпорациялары мен қаржы-банк құрылымдарының басшылығымен келіссөз өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Стати ісі: АҚШ соты Қазақстанның берген талап-арызын тоқтатудан бас тартты
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат - АҚШ соты Қазақстанның Нью-Йорктегі қаржыгер Дэниел Чэпменге халықаралық алаяқтыққа қатысқаны үшін берген талабын тоқтата тұрудан бас тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Әділет министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қорғаныс министрі әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің кезекшілігін кенеттен тексерді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Генарал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерінің командалық пункті мен қолбасшылық басқармасын жоспардан тыс тексерді. Тәуліктік кезекшіліктің ұйымдастырылуын қарады, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Түркістанда инвестициялық және туристік мүмкіндіктер тақырыбында халықаралық медиа форум өтті
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Түркі мемлекеттері БАҚ өкілдерінің басын қосқан халықаралық форумда Түркістан облысының инвестициялық және туристік ахуалды жақсарту, облыс экономикасына шетелдік инвестициялар тарту, Түркістанды халықаралық туристік орталық ретінде ілгерілету жөнінде басым бағдарламалар, жоспарлар мен мүмкіндіктер таныстырылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Еуропалық Одақ AstraZeneca вакцинасын Ұлыбританияға экспорттауға тыйым салмақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропалық одақ Біріккен аумақта өндірілген AstraZeneca британия-шведтік компаниясының вакцинасын Ұлыбританияға экспорттауға қатысты барлық сұраныстарды мұқият зерттейтін болады. Бұл өндіруші Еуроодақ елдеріне жеткізу бойынша өз міндеттемелерін орындағанға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Bloomberg-ке сілтеме жасап.

Шетелден анықтамасыз келген екі жолаушыдан КВИ анықталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 21 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Венгрия, Мальдив Республикасы, Шри-Ланка, Ливан, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 43 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Елордада «Самғау» аула клубы ашылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ, «Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ бірлесіп, ерекше қажеттіліктері бар балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға арналған жаңадан «Самғау» аула клубын ашты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай